ҚР Ұлттық банктің Қызылорда облысындағы филиалының директоры жаңадан тағайындалды.
Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қызылорда филиалының директоры қызметіне Мұстафин Әсет Жапарұлы тағайындалды.
Еңбек жолын 1993 жылы «Жарыс» кіші кәсіпорнының инженер-энергетигі ретінде бастаған. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүйесінде 2005 жылдан бері еңбек етуде. 2013 жылдың наурыз айынан бастап осы кезге дейін Ұлттық банкінің Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары.