Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

“Ұлттық банктен сұраңдар!..”. Ақша айырбас пункттері жабылып, ел сабылып қалды

Татьяна Монастырская, кәсіпкер:

– Біз жарғылық капитал мөлшерінің ұлғаюына наразымыз. Менің 2 пунктім де ауылдық жерде болғандықтан, әр қорда 10 млн теңге ұстауым керек екен. Ондай қаражат тапсам да, ол босқа өліп жатады. Маған бизнестен кетуге тура келіп тұр. Ал, 4 бірдей қызметкерім жұмыссыз қалады.

Кәсіпкерлердің айтуынша, 2010 жылдан бері ақша айырбастау бекеттеріннің жарғылық капиталы, яғни есеп-шотындағы ақша 5 миллион теңге шамасында болуы тиіс болған.

Енді Астана мен Алматыдағылардың шотында кемі 30 миллион теңге, басқа облыс орталықтарында орналасқан пункттерде 20 миллион теңге, шағын шаһарлар мен аудан, ауылдық жердегілерде 10 миллион теңге болуы тиіс екен. Өзгерістер 26 қаңтарда күшіне енеді. Мұнымен қоса бизнесмендер бұрын салықты айналымдағы қаржыға байланысты төлесе, енді ай сайын 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде салуы тиіс. Кәсіпкерлер бұл айырбас бекеттерінің жабылуына әкеледі деп отыр. Ал Қарағанды облысында 49 ақша айырбастау пункті бар.

Қауымдастықтың дерегінше, олар жыл сайын мемлекетке 150 млн теңге табыс әкеледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз