Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
8
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және насихаттау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті

Жастармен және мектеп оқушыларымен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінуде. Іс-шаралардың басым бөлігі Түркістан қаласында өтеді. Атап айтқанда, қалада оқушылар арасында дәстүрлі «Ясауитану» байқауының республикалық кезеңін өткізу, ал музей жанынан «Ясауитану» клубын ашу жоспарланып отыр.

Жұмыстың басым бөлігі Қожа Ахмет Ясауи шығармалары мен ғылыми еңбектерін басып шығару, ұлы ойшылдың мұрасын отандық және шетелдік ғылыми орталықтар мен мұрағаттарда анықтау, мұрағат материалдары мен құжаттары каталогін әзірлеуге қатысты.

Ясауи мұрасын әрі қарай насихаттау үшін туристерге арналған ақпаратты, соның ішінде гайдбуктарды, бейнероликтер мен аудио гидтерді жаңарту, шетелдік туристерге бейімделген жаңа туристік маршруттар әзірлеу, кесенеде ғылыми-реставрациялау және басқа да жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр.

Жоспарда ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасы аясында Ясауидің табылған және зерттелген жазба мұрасын насихаттау, ЮНЕСКО мен ИСЕСКО шеңберінде Ясауи жылын немесе арнайы мәдени күндерді жариялау мәселесін пысықтау көзделген.

Жоспардың жүзеге асуы Қожа Ахмет Ясауи мұрасын сақтау және зерделеу жұмыстарын кеңейтуге, оның ел ішінде және шетелде насихатталуын күшейтуге, сондай-ақ Түркістанның маңызды рухани, мәдени және туристік орталық ретіндегі әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз