Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-14
USD
525
+13.36
EUR
552
+11.86
RUB
4.93
+0.20

ҰҚК экс-басшысының қамау мерзімі ұзарды

“2017 жылдың 14 наурызында Астананың Есіл аудандық №2 соты күдіктілер Дүтбаев Нартай, Хасенов Нұрланның, Ерлан Нұртаевтың қамау мерзімін 2017 жылдың 26 мамырына дейін ұзартты”, – делінген хабарламада. 

ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаевтың ұсталғаны жайлы 2016 жылдың 28 желтоқсанында белгілі болған. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік органдардың бірқатар лауазымдық тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүзеге асыруда.

 “Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 2016 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 185-бабының 3-бөлімінде (“Мемлекеттік құпияларды жария ету”) және 362-бабының 3-бөлімінде (“Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану”) көзделген қылмыстарды жасауға күдіктілігі бойынша Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы және Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлы ұсталды”, – делінген хабарламада. Айта кетейік, Нартай Дүтбаев 2001-2006 жылдар аралығында ҰҚК төрағасы қызметін атқарған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз