Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қыдырәлі “тоқалын” таныстырды

210

Астана күні қарсаңында “АБК” және “Ұлытау” топтарының мерейтойлық концерті өтті. Аталған концерт басталмай жатып дауға ұласса да, соңы жақсы аяқталған. Себебі, әріптестері жиылып Қыдырәлі Болмановқа темір тұлпар сыйлаған. Бұл қуанышты хабармен продюсердің өзі бөлісті.

“Қарап отырсам өмірде көптеген сыйлыққа ие болып келе жатыр екенмін. Бірнеше көлік те мінгізді. Оның ішінде ескісі де, жаңасы да болды. Бір мәшинені соғып алып, жақсы адамдар екен, аман қалғанымыз үшін деп көлігімді бере салған кездерім де болды.

Қазір мініп жүрген көлікті де бір кездері маған тарту еткен. Оны мініп жүргеніме 15 жылдың жүзі болды. Жазғы демалысқа кеткен кезде өз көлігімді “тюнинг” жасатып, келгеннен кейін жаңа көлік алдық дей саламын деп жоспарлағам. Оны керемет жасайтын мамандармен де келісіп қойғанмын. Әжемнің “Шебер Алла” дейтін сөздері есімнен кетпейді. Солай екеніне көптен бері еш күмәнім жоқ. Мақтанды демеңіздер.

Бұл мен үшін көлік емес, қимас достарымның көл-көсір, ақ-адал ниеттері! Алла разы болсын! Әрқайсысының отбастарына Алла миллиондаған есе қылып қайтарсын. Үйіп-төгіп бақ-береке берсін деп тілеймін! Сіздермен қуанышыммен бөлісейін деген ниет қана”, – деп Қыдырәлі Болманов балаша қуанып тұрғанын жеткізді.

Мұнымен қатар, концерттің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Астана әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов мырзаға алғысын жеткізді. Ал концерт басында орындарға байланысты болған шулы мәселенің әзірге қалай шешілгені белгісіз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз