Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ұят-ай. Қарағандының Саран қаласындағы 238 көшенің біреуі де қазақша емес

189

«Рабочая», «Фестивальная», «Веселая», «Солнечная» сияқты Саран қаласындағы көшелердің саны130-дан асып жығылады. Мұндағы 238 көшенің қазақ тіліндегісі бар болғаны сегіз пайызды ғана құрайды. Тұрғындар көшелердің аттарын тарихи атауларға өзгертуді сұрап, жауапты мекемелерге ұсыныс хат та жолдапты. «Бірақ көше аттарының ескіріп, мән-мағынасыз екенін мойындаған тілдерді дамыту бөлімінен әлі күнге дейін жауап жоқ», дейді.  

АДАМЖАН МҰСАБЕКОВ, Саран қаласының тұрғыны:

– Мынау орталық площадь болғаннан кейін осы Қазақстанға көп еңбегі сіңген Қонаевтың атын берсін.

ТОҚАН АҚПАНБАЕВ, Саран қаласының тұрғыны:

– Бізде орысша аталған көшелер бар. Мысалы Рабочий көшесі, жақсы ұзын көше. Кіреберісте. Соған мысалы Абылай ханның атын беруге болады.

Дегенмен Саран қаласының әкімі Анатолий Шкарупа көше аттарын ауыстыруға орындауға асықпайды. Өйткені, даңғылдардың аттарын ауыстыру жат нәрсе деп отыр.

Бірақ екінші бір сөзінде қала әкімі атауларды ауыстыру мәселесі қаралып жатыр дегенге сендірді. Сөзінше, құжаттар да әзірленіп жатқан көрінеді. Ал көшелердің есімі қашан жаңартылатынын шенеунік айтпады. 

8

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз