Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

«Валютаны бақылау күшейтілсін!». Қазақстанға Ресейдің соңынан ерудің қажет жоқ

274

Экономист Петр Своик атап өткендей, Ресейде мұндай қадамға баруға бірнеше себеп бар.

Бұл елде экспорттаушылар мен импорттаушыларды өздерінің сыртқы экономикалық келісім-шарттарын ресейлік банктер арқылы рәсімдеуге және жүзеге асыруға міндеттейтін ереже бар.

Қазіргі таңда экономикалық даму министрлігі бұған қоса, осы ережені бұзғандарды жазалуды ырықтандырмақшы.

Қисынды дүние

— Менің ойымша, бұл түсінікті әрі қисынды дүние. Өйткені оларда бұл үшін қомақты айыппұл салынады. Мәселен, экспорттаушы шетелге бір нәрсе сатып, ал ақша оның есеп-шотына дер кезінде түспесе, оны оп-оңай тексеруге болады. Өйткені ол операциялардың барлығы ресейлік банк жүйесі арқылы жүзеге асады.

Теңгені құлдыраудан құтқаруға 520 млн доллар жұмсаппыз

Экспорттаушы ондай олқылықты контрагенттің дер кезінде есеп айырыспағандығымен түсіндіреді,

ендеше, экспорттаушыны емес, оның өзін жазалаған жөн. Оның қисыны бар. Міне, сондықтан РФ үкіметі барлығына бірдей айыппұл сала бермей, іріктеп бақылауды жөн санаған сыңайлы, — дейді Своик.

Қазақстанда экспорттаушылардың қалай жұмыс істейтінін ешкім білмейді

Ал Қазақстанда мұндай ережені пайдаланбайды. Өйткені экспорттаушылар мен импорттаушыларға келісімдерін жергілікті банктер арқылы жүзеге асыру жөніндегі Ресей үшін маңызды талап жоқ.

Сондықтан мұнда валюталық бақылауды босаңсыту бой шараларына жол берілмейді.

Экономист Мағбат Спановтың айтуынша, Қазақстанда мұнай негізінен өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде өндіріледі.

— Әдетте, мұндай мәмілелер шеңберіндегі Келісімдер жабық болады,

мамандардың көпшілігі – қол қоюға қатысқандардан басқалары – олардың шарттары туралы ақпараттан хабарсыз.

Мағбат Спанов

Сондықтан ол контрактілер бойынша қандай да бір әділ баға беру және болжам жасау өте қиын, тіпті, мүмкін емес деседе болады. Оның үстіне,

біздегі негізгі тұтынушы мен сатып алушы — оффшорлық компаниялар

Ресей Қазақстанды мәжбүрлегелі жатыр — саясаттанушы

Мәселен, төлем тепе-теңдігі бойынша біздің басты әріптесіміз — Голландия. Мұнай-газ секторындағы экспорттың басым бөлігі сол елдің еншісінде. Ал Ресейде санкция салдарынан, бәрі керісінше, барлық табыс елге қайтарылады, — дейді Спанов.

Қазақстандағы экспорттаушылар — шетелдіктер

Петр Своиктың айтуынша, Қазақстанда экспорттаушылардың «елден шығарылғанын» ескерсек, олар барлық келісімдерін шетелде рәсімдейді. Сондықтан шикізат сатудан түскен ақшаның барлығы бірдей елге оралмайды.

Петр Своик

 

— Соңғы үш жылда оын алған теңге девальвациясының арқасында, экспорттаушы өзінің теңгемен есептелетін шығынын валютаның екі есе аз мөлшерімен толықтыра алады.  Бұл тағыда теңге бағамына салмақ салады, өйткені төлем тепе-теңдігі сәйкестенбейді, сөйтіп, экспорт құлдырайды. Айтпақшы,осының салдарынан,

қазір біздегі экспорт 2007  жылғы деңгейде

Импорт та құлдырады. Өйткені арзандап қалған теңгеге бұрынғы көлемдегі затты сатып ала алмайсың. Ал Ресейде бүкіл табыс елге қайтады.

«Көнбесең…». Путин АҚШ санкциясына жауап беру үшін Қазақстанды пайдаланғалы отыр

Оның үстіне, ең басты стратегиялық бағыт – мұнай – бойынша шетелдік экспорттаушылар жоқ.

Түбегейлі өзгеріс 2004 жылы Ходорковский ЮКОС-ты американдықтарға сатпақшы болғанда орын алды.

Міне, сол кезде Путин қылмыс заңдылығына қаншалықты сәйкес келетініне қарамастан, оны түрмеге тоғыта салды.

Ал Қазақстанда мұнай және газ саласы негізінен баяғыда шетелдіктердің қолына өтіп кеткен. Өйткені басты экспорттаушылар – шетелдіктер, — дейді сөзін тәмәмдаған ол.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз