Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
5
USD
490
+1.25
EUR
534
+3.36
RUB
4.99
-0.02

“Көнбесең…”. Путин АҚШ санкциясына жауап беру үшін Қазақстанды пайдаланғалы отыр

144

Әзірге, біз бұл мәселені шешуді зерттеп жатырмыз”, деген министр майдалап.

Ал бұл не деген сөз?.. Осы одақта бөтеннің ықпалымен экономикалық мүддесі қатты зардап шегіп жатқаны – Ресей.

Демек, Ресей бірігіп жауап қаталық, АҚШ-қа деп жатыр. Ал бұл майда-шүйде нәрсе емес. Түк пайдасы жоқ одаққа еріксіз кіріп алған Қазақстанның басы онсыз да қатып отыр қазір. Ол аздай, енді АҚШ-қа қарсы әрекет етуге мәжбүрлеп көндіріп жіберсе не болады?.. Бұл біткеніміз емей немене?..

Онсыз да осындай бір шара қолданылған да болатын алдында. Еуразиялық экономикалық одақ, яғни одақтастар ұжымдасып америкалық және еуропалық кейбір тауарларға салынатын баж салығын қымбаттатқан болатын. Оған жауап ретінде АҚШ наурыз айында темір мен алюминийге салынатын 10 проценттік импорт салығын 25 процентке көтерді. Әрине, Қазақстанға зияны тиді оның.

«Назарбаев біледі екен…». Еуразиялық одақтан шықса қазақты не күтіп түр?

Бұған жауап ретінде Ресей өз алдына АҚШ-тың Еуразиялық нарыққа тасымалданатын көлік түрлеріне, құрылыс, жол жөндеу техникаларына, мұнай-газ саласына арналған құрал-жабдықтарына, металл және тау-кен өндірісіне қажетті техникаларының салығын көтерген. Осының бәрінен Ресей мен АҚШ қана емес, одаққа мүше мемлекеттерден бөлек Қытай, Үндістан, Канада, Мексика елдері де қатты зардап шекті. Бұл мәселені ушықтырмаса жеңілдетпеді.

Тіпті, сауда-саттық саласында АҚШ Қытайды бөлек алып шығып, әлемдік қауымдастық алдында “сабап” жатыр. Ресейді қос қолдап қолпаштай қойғаны үшін.

Бұдан Қытай экономикасының құлдырауы болжануда. Ал Қытай құлдыраса басқа мемлекеттердің экономикасы да әлсірейді. Бірақ бұған қарап жатқан алыптар жоқ. Әрқайсысы қолымды одан сайын қалай батыра түссем деп, соған жауап іздеп әлек. Ресейдің тауып отырған жауабының түрі мынау: ұжымдасып әрекет қылайық дейді.

«Альпари» инвестициялық компаниясының аға сарапшысы Анна Бодрова, егер ЕАЭО елдері бірігіп, сырттан келетін барлық импорттың баж салығын көтеретін болса, онда одан осы мемлекеттердің өзі қатты зардап шегетінін айтады.

«Мысалы, қараңызшы, Армениядан шыққан тауар АҚШ-қа қымбатқа тасымалданса, одан кім ұтылып, кім ұтады? Американың түгі кетпейді ғой. Ал америкалық дәрі-дәрмек қымбаттаса ше? Импортқа тәуелді елдер инфляцияны өз қолымен жасап алмай ма мұндайда. Енді одақтағы елдерге келелік.

«Кету керек…». Досым Сатпаев қазір Қазақстанда не боп жатқанын айтты

Арменияның сауда-саттық бойынша бас әріптесі – Ресей. Мұнда тартылған тікелей инвестицияның 15 проценті Ресейдікі. Беларусь елі де солай. Қырғыз елінің басты сауда-саттық әріптесі – РФ мен Қытай екеуі ғой. Бұлармен қазір АҚШ алысып жатыр.

Ал Қазақстанға келетін болсақ, жағдай мүлде басқаша. Біз Қытаймен, Италиямен, Франциямен, Швейцариямен белсенді түрде сауда-саттықта қоян-қолтық араласамыз. Одан кейін ғана Ресей тұрады.

Факті тұрғысынан алғанда, Қазақстан одақтағы елдерге қарағанда қатты зардап шегетін болады. Бұл жендеттің қылышына басыңды өз бетіңмен ұсынғанмен бірдей “, – дейді Анна Бодрова.

«Финам» инвестициялық компаниясының сарапшысы Алексей Коренев Ресейдің Батыс әлеміне бір жұдырық боп соққы жасау туралы ойы баяғыдан бар нәрсе екенін айтады. Тек бұл идеяны жүзеге асыруға келгенде Мәскеу оны кейінге шегеріп келген. Неге? Мұны маман былайша түсіндіреді:

“Ұжымдасып қабылдайық деп жатқан шара, яғни импорт бажын қымбаттату бұл АҚШ үшін маса шаққанмен бірдей ғана. Тіпті, осындай шараның қолданылғанын қарапайым америкалықтар білмей де қалуы мүмкін.

Мүмкін газеттен оқитын шығар. Бірақ ол әрбір америкалыққа кері әсер ете алмайды. Тіпті, экономикасына да.

«Бетіне айта салам…». Лукашенко Путин туралы ойын алғаш рет ашып айтты

 

Мәселен, 2017 жылы Ресейдің АҚШ-қа тасымалдаған тауар құны 11,1 млрд долларды құраған, ал АҚШ-тікі – 2408 млрд доллар.

АҚШ – жалпы әлемдегі ірі импорттаушы ел. Демек, ол теңіздің ар жағында қабылдаған үшінші бір мемлекеттердің қандай да бір шектеуіне қыңқ дей де қоймайды.

Керісінше, Ресей мен оның одақтастары мұндайда мантырап қалады.

Ендеше өзгеге емес, өзіне тоқпақ тиетін ұжымдасқан мұндай шараны енгізудің не қажеті бар? Осы жағынан алғанда,

бұл тек саяси пиғылдан туындаған, онда да “Әне Ресей құрған одақ жұдырық түйіп жатыр” деген жәй амбициялық ышқыныс қана.

Оның салдары Ресейді әлемдік қауымдастықтан оқшаулап тынады. Мұның бізге түк қажеті жоқ”, – дейді Коренев.

«Әбден басынды». Путин Қазақстанды Ресейдің қолшоқпары етпек

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз