Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-7
USD
523
-0.42
EUR
548
-0.97
RUB
5.06
+0.01

“Назарбаев біледі екен…”. Еуразиялық одақтан шықса қазақты не күтіп түр?

454

https://kaz.365info.kz/armyandar-bilgen-eken-euraziyalykh-ekonomikalykh-odakh-tarajdy-dej-me-312445

Алайда Еуразиялық одақтың Қазақстанға берер пайдасы мен тигізетін зияны туралы мәселені қозғасақ, оның екеуі де біраз уәж жинайтыны анық.

Петр Своик

— Мәселен, Қазақстанға Ресеймен жәй сауда-саттық жасау тиімсіз екені айдан анық. Ал қазіргі форматтағы Еуразиялық одақ ортақ сауда алаңынан басқа еш нәрсе ұсынып отырған жоқ.

Еуроодақпен тепетеңдіктегі біздің профицитіміз өте тамаша, міне, сол бізді сыртқы саудадағы пайдаға, яғни табысқа жеткізіп отыр. Шикізат экспортындағы үш ширек содан келіп отыр, ал біз еуропалық елдердің сапалы, бірақ қымбат тауарларын аз әкелеміз.

Не болмақ?

Бізде Қытаймен сауда-саттықта экпорт пен импорттағы тепе-теңдік бірімен шамалас. Ал Ресейге келсек, он миллиардтық минус бар: біздің шикізат аз экспортталады (өздерінікі жетіп, артылады ), ал ресейлі импорт дес берер емес, сол баяғы бірінші орында, — дейді жағдайды шолып өткен экономист.

Алайда Қазакстан Еуразиялық одақтан шығатын болса, немесе Еуразиялық одақ өз бетімен ыдырайтын болса, саудадағы теңсіздік сол қалпында қалады, тіпті, ушыға түсуі мүмкін.

— Түсінбестіктен немесе қандай да бір мақсаттан Еуразиялық одақтан шығу, оның ыдырауы туралы туындаған әңгіме сол әңгіме күйінде қалады,

олардың Еуразиялық кеңістікте орын алып жатқан процесстерге еш қатысы жоқ. Ал олардың шығу тегі мен болашағын түсіну үшін аздап жоғары жақтан қараған жөн, — деген пікірде Петр Своик.

 

https://kaz.365info.kz/nazarbaev-ke-es-oda-yn-ajta-r-ysy-keletinderdi-basynda-mi-zho-222148

Қисынды нәтиже

Мәселен, 90-жылдардың соңынан бастап, (теңге мен рубльдің құбылмалы бағамы енгізілген кез),

Қазақстан да, Ресей де, Беларусь пен Қырғызстан сияқты, еңбекті бөлудің жаһандық жүйесінің бір бөлігіне айналды.

— Міне, осы жүйеде бізге шикізат жеткізуші мен дайын тауарларды импорттаушылар рөлі бұйырды. Бұл осы модельдің экономикалық негізі, ал саяси негіз – бұл АҚШ-тың монетарлық метрополиясы кепілдендірген бұрынғы одақтас республикалардың егемендендірілуі. Атап айтарлығы,  толық кепілділік — шекараға еш қандай қол сұғылмаушылықтан бастап, ешқандай интеграцияға жол бермеуге дейін!

«Тойымды жылдар» бұл — әлемдік нарықтың КСРО-ның келмеске кеткеніне шынайы сенген және түрлі алаяқтардың мұнай бағасын алаңсыз көпірте бастаған кез.

2007-2008 жылдардағы дағдарыс мұндай саясатқа тоқтау салды (осы дағдарыс басталардан бір-екі ай бұрын Путиннің Мюнхендегі сөзі кездейсоқ айтылған жоқ). 2011-2013 жылдар бұл – әлемдік қаржы дағдарыстың салдарларын толық еңсеруге, одан аттауға және оны ұмытуға бағытталған ұмтылыстардың соңы. Міне, сол кезде әлем бір нәрсені өзгертудің қажетігін түсінді, — сөзін сабақтаған ол.

Украина басқа жолды таңдады

Сөйтіп, алдымен Кедендік, одан кейін Еуразиялық экономикалық одақ пайда болды. Оның өте бір маңызды шарты болды: ешқандай саясатсыз, тек қана сауда.

— Міне, дәл осы шарт Украинадағы оқиғалаларға түрткі болды. Киевте бұдан бұрында екі Майдан болған, бірақ олардың екеуі де қантөгіссіз өткен-ді, халық көшеге қуанышпен, гүл алып шыққан болатын. Ал бұл жолы қантөгіс орын алып, ел қақ айырылды,

өйткені мақсат Еуроодаққа кіру емес (бұл шын мәнінде мүмкін емес еді), ЕАЭО-дан қашу болатын,

— дейді пікірін білдірген экономист. — Қазір біз келесі, кезеңнің межесіне жақындаған сәтке келдік – бұл жолы әлемдегі жаһандық тәртіпті қайта қарау шалғайдан, яғни Ресейден емес, мтрополияның өзінен – АҚШ-тан бастау алуда. Дональд Трамп – кездейсоқтық емес, бір полюстік әлемді қайта форматтауға, блоктық әлем құруға бағыт алған заңдылық. Оның әлемді састырған және сарапшыларды абдыратқан әрекеттері америкалық көшбасшының сайлау алдындағы уәделерін орындау ғана.

Трамп – АҚШ тарихындағы өзінің сайлау бағдарламасын ұмытпаған алғашқы президент.

Атап айтарлығы, оны тек сайлашылар ғана таңдаған жоқ, оның алдында оны осындай мақсаттарды қоюға және оларды шешуге қабілетті күштер таңдаған еді.

https://kaz.365info.kz/aza-stan-euraziyaly-oda-a-kirer-kezde-shy-atyn-tesikti-de-ojlauy-kerek-edi-ekonomist-211402

Жетістік бар ма?

ЕАЭО тақырыбына қайта оралған Своик, одақтың болашағы біржақты екенін атап өтті.

— Бұл ортақ дамудың мақсаттарын жеке дара шешуге арналған толық форматты интеграция. Өйткені бұл мәселелерді ешкім сырттан келіп шешіп бермейді. Еуразиялық зкономикалық одақ қазір өтпелі кезеңде тұр, өйткені қазір онда айтарлықтай ештеңе болып жатқан жоқ. Мысалға,мұше-мемлекет басшыларының Сочиде өткен саммитін алайықшы, онда ешқандай сенсация немесе алға бастайтын шешім қабылданған жоқ. Әрине, Молдованы бақылаушы ретінде қабылдауды және Нұрсұлтан Назарбаевтың Капий теңізі мен Қара теңізді кемелер жүретін каналмен жалғастырды ойластыру және Казахстан мен Ресей арқылы Еуропа мен Қытайды жалғастыратын «Еуразия» жылдам автомагистралін салу туралы ұсынысын айтпағанда.

Ал шындап келсек, бұл тек президенттердің кездесуі ғана емес, бұл Жоғары экономикалық кеңестің отырысы, ол енді саммите жәрияланғандай, күзде немесе қыстың басында жиналады. Қайда асығалы?

https://kaz.365info.kz/oda-bastar-ne-istep-otyr-putinni-ojy-aza-standy-resejge-osyp-alu-ma-208501

Айтпақшы, Каспий-Қара теңіз каналы және «Еуразия» автомагистралі — Қытайдың «Бір белдеу — бір жол» жобасының бір бөлігі, сондықтан ЕАЭО оларда тек қосымша рөл атқарады, — дейді сөзін тәмәмдаған Петр Своик.

Сондықтан бұл жобалар жүзеге асады деуге толық негіз бар –

өйткені олар Қытайдың қаржысына салынбақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз