Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
14
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Алматыда полициядан қару ұрлап, ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топ ұсталды

21 санкцияланған тінту жүргізілді. Заңсыз айналымнан едәуір көлемдегі қару-жарақ пен өзге де заттар тәркіленді. Күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен бірнеше бірлік атыс және травматикалық қару, оның ішінде кесілген мылтықтар мен оқ-дәрілері бар Калашников автоматы табылды. Қару қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы полиция департаментінен ұрланған.

«Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқыққа қарсы әрекеттердің қосымша эпизодтарын және өзге де қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу және жедел іс-шаралар жалғасып жатыр. ІІМ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті нығайту және жасалған қылмыстар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз