2026 жылы 21 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ғимаратында онкопациенттер мен дәрігерлерге арналған халықаралық «PRO ӨМІР» форумы өтеді. Бұл жай ғана медициналық конференция емес, емдеу процесінен гөрі адамның өзіне және оның толыққанды өмір сүру құқығына басымдық берілетін ашық диалог алаңы болмақ.
Форумның өзектілігі қоғамдағы әлеуметтік сұраныс пен алаңдатарлық статистикаға байланысты:
«PRO ӨМІР форумы – бұл қолдау, түсіністік және диагноз қойылғаннан кейін де өмір жалғасатынына, оның толыққанды әрі сапалы болуы мүмкін екеніне сенім туралы», – дейді Kazakhstan Cancer Society президенті Диляра Радикқызы.
Форум Қазақстан, Ресей, Испания және Грузия елдерінің сарапшыларын біріктіреді. Бағдарлама дәрігер кабинеттерінде жиі айтылмайтын маңызды мәселелерді қамтитын бірнеше тақырыптық блокқа бөлінген. Сарапшылар пациенттердің қалыпты өмірге қайта бейімделу тәжірибесімен бөліседі:
Іс-шараны prohealth.kz медиа-ресурсы мен Қазақстан онкологтар қауымдастығы ұйымдастырады.
Форумға қатысу тегін. Бұл сапалы ақпарат пен қолдауды баршаға қолжетімді етеді.