Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Теңгені құлдыраудан құтқаруға 520 млн доллар жұмсаппыз

169

Дегенмен қыркүйектің қорытындысы бойынша, биржа статистикасынан валюта нарығында алаңдаушылық тудыратын еш нәрсенің болмағанын байқауға болады. Мәселен, негізінен банк клиенттерінің тапсырысы орындалатын доллардың спот-нарығында, қыркүйектегі айналым тамыздағымен салыстырғанда, тек 2,3 процентке төмендеп, $3 млрд 818,8 млн-ға дейін азайған.

Ал мұның өз жаман нәтиже емес. Өйткені Данияр Ақышевтің басқаруы кезінде неғұрлым жақсы көрсеткіштерге тек үш рет (2015 жылғы желтоқсанда және ағымдағы жылғы сәуір және тамыз айларында) қол жеткізілген.

Атап айтарлығы, қыркүйек айында KASE-нің таңертеңгі сессияларының нәтижелері бойынша доллардың орташа сараланған бағамы өскен жоқ, қайта біршама төмендеді: 3-қыркүйектегі 364,62 теңгеден 28-қыркүйектегі 362,52 теңгеге дейін (0,6%).

Арқаны кеңге салуға болмайды

Екінші деңгейдегі банктер реттеушімен жасалған келісімдер арқылы шетел валютасын сатып алатын доллардың своп-нарығындағы белсенділік қыркүйекте тамыз айындағымен салыстырғанда, жақсы өсім берген. Келісімдер көлемі 5,7 процентке, яғни $6 млрд 687,8 млн дейін өсіп, абсолюттік шамада $363 млн-ға артқан.

Сонымен қатар,

своп-нарықтағы айналымның тамыздан бастап өсе бастағанын, ал оған дейін 2018 жылдың басынан бастап ай сайын төмендегенін атап өткен жөн.

Сондықтан Ұлттық банктің базалық ставканы 9,25 процентке дейін көтергеніне таң қалудың реті жоқ. Осыған байланысты KASE басшысы Алина Алдамберген атап өткендей, 2018 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша қазақстандық валюта долларға шаққанда 9,2 проценттен айырылып, тартымдылығынан айырылды.

Ал енді Ұлттық банк долларды неғұрлым жоғары бағамен бөлетін болғандықтан, бұл долларға қарағанда, теңгенің тартымдылығын арттыруға тиіс.

Бірақ бұл банктен қарыз алушыларды қуанта қоймас. Өйткені ол несие ресурстарын қымбаттады. Бірақ Ұлттық банктің басқа таңдауы жоқ

АҚШ долларына шаққандағы KASE-дегі сауда-саттық көлемі, млн USD

Ескерту: * — КASE мәліметтері негізінде есептелінді. Дереккөз: KASE

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз