Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Услугасы ұнады”. Оралдағы “Ашық әкімдік” халықтың көңілінен шықты

1359

3D моделдеу, жобалау саласындағы жетістіктермен осы өңірде жұмыс сапарымен болған премьер министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев жақынырақ танысты.

Айта кету керек, қазір аймақта сандық технология саласында 50-ден астам жоба қолға алынған. Дені денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй коммуналдық және мемлекеттік қызмет көрсету салаларында жүзеге асып жатыр.

Мәселен, “Ашық әкімдік” жобасы билік пен бұқара арасындағы алтын көпірге айналса, емдеу нысандары қағазбастылықтан толық арылып, электронды кезек жүйесін енгізген.

Жер телімі актсын таңдау, “еКСК”, “bus report” және “Халықтық бақылау” секілді жобалар да күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылады.

Премьер-министрдің орынбасары сондай ақ “Смарт Орал” жобасымен танысып, цифрландыру жетістіктерін қолданып жүрген бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

– Әкімдікке келдім, чегімді алдым, очередьте көп отырғаным жоқ. Өте ыңғайлы, маған ұнады услугасы, баяғыдағыдай көп отырмайсың,

– дейді қала тұрғыны Гүлмира Сейталиева.

Ал қала әкімдігі аппаратының бас маманы Ақкербез Асмақованың айтуынша, қазіргі таңда қызмет алуға 74 мың қала тұрғыны келді. “Бұл жерде Орал қалалық сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары және ауыл шаруашылық бөлімдері орналасқан. Осы залда 10 мемлекеттік қызмет түрі және 18 қосымша қызмет түрі көрсетіледі”, дейді Ақкербез Асмақова.

Айта кетсек, елімізде Цифрлық Қазақстан жобасы “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ мен “Samruk-Kazyna Trust” әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз