Ура! Менде бір де бір медаль жоқ (көз тимесін). Өмірімде бір де бір ескерту, не сөгіс алмаппын, сабақтан қалмаппын.
Жақында «Үздік ұстаз» деген университет төсбелгісін берді. Еркін ағылшыншам, бәсеңдеу арабшам бар. Тәубешілік. Алладан тек үрім – бұтағымның, Қазақстанымның амандығын тілеймін, өзім де шәркейімді сүйретіп жүре берейін, басқаға зияным тимес!
Бастықтарыма рахмет айтамын, сылтау тауып жұмыстан қумағанына…
Әзімбай Ғали
Фейсбуктегі парақшасынан