Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

“Тырна келді, тұр қатын!”. Балалар кітабындағы өлең елді шошытты (фото)

949

 

«Қарлығаш, қарлығаш,

Қанаты қайқы қаңғыбас.

Тырна келді, тұр қатын.

Түндігіңді түр қатын.

Кілем жай да,

Арқан тарт

Сандық аш.

Бөдене, бөдене,

Ішіңе тисін тегене,

Төмен қарай дөңгеле», – делінген тақпақта.

 

 

 

Желі қолданушыары мұның бассызық екенін айтып ашынды. Кейбірі әдейі жасалған жалған ақпарат екенін айтып дауласты.

«Не деген масқара, сауатсыз кітаптар. Бұл қай оқулықтан алынған? Балаларды насыбай атуға үйрете ме?», «Меніңше бұл мектеп оқулығы емес. Балаларға арнап шығарған кітаптарды жеке меншік баспалар шығарып жатыр ғой. Соның бірі», – деп жазды желідегілер.

«Бұл халық арасына кең тараған əннен алынған үзінді. Шошитын түк те жоқ, министр байғұс онсыз да шулы. Алдымен өз сауаттарыңды жөндеп алыңдар. Жаман сөз, байбалам жақсы адамға жараспайды», – дейді Сағымбаев Есенғазы есімді желі қолданушысы.

Дерек көз Stan.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз