Парижде 65 миллион еуроға пәтер сатып алған қазақстандық баспананы сатылымға шығарды, деп хабарлайды Sputnik бельгиялық риелтор Игнас Мювиссенге сілтеме жасап.
Қазақстандық миллионер француз астанасының бай ауданында орналасқан сән-салтанатты пәтерді сатқалы жатыр. SPA-зонасы, брондалған қорғаныс бөлмесі бар баспана үшін үй иесі 125 миллион еуро сұрап отыр. Бұл пәтерді сатып алған бағасынан екі есе қымбат.
https://kaz.365info.kz/sagyntaevkha-kharamajmyn-65-million-euroga-yj-algan-khazakhstandykh-akhyry-tabyldy-324407
“Қазақстандықтың әйелі енді бұл үйде тұрғысы келмейді”, — дейді брокер.
Қоғамның назарына іліккен құны 65 миллион еуро тұратын пәтер иесінің кім екенін риелтор құпия сақтап отыр. Ал Қазақстанның құзырлы органдары ол адамның кім екенін анықтап, мемлекеттік қызметкер болса, жауапқа тартатындарын мәлімдеген еді. Бірақ Қазақстанның мемлекеттік кірістер комитеті оның шенеунік емес екенін анықтаған, сондықтан ол кісінің жеке шаруасына араласуға құқықтары жоқ екенін қоғамға жеткізді.
Атышулы пәтер тексере келгенде компания атына тіркелген болып шықты.
https://kaz.365info.kz/kete-salam-khazakh-bajlary-zhappaj-yshakh-satyp-alyp-zhatyr-302141
«Біз компанияның кіріс көздерін тексердік. Пәтер адамның емес, компанияның атына тіркелген. Сәйкесінше, компания кірістері мұндай пәтерді сатып алуға мүмкіндік береді және барлық салықтары төленген», — деді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Мәди Тәкиев.
Қазақстандық байдың Париждің бай ауданынан алған пәтерінің ауданы – 1200 шаршы метр. Бұрынғы қожайыны бірнеше пәтерді біріктірген екен. Бес жатын бөлмесі, бес жуынатын бөлме, SPA-зона, персонал мен күзетке арналған жеке бөлмелер бар.