Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Түркістан облысында 24 жастағы жігіт хат танымайтынын айтты (видео)

Бала кезінде құжатсыз, білімсіз күн көрген ол мектепті де оқи алмаған.

Уақыт өте жетімнің тағдырын жаны ашыған бір адвокат оған көмектесуді ұйғарыпты. Осылайша, жергілікті заңгердің арқасында 24 жасында Рысбек Жаңабаев алғаш рет жеке куәлік алған екен.

Қазір азамат Қазақстанның мемлекеттік тұрғын үй беру бағдарламасы бойынша кезекке тұрған. Себебі, оның мекендеген тұрағы сатылымға қойылған. Сондықтан, азамат тұрғын үйге мұқтаж болып отыр.

Одан бөлек, жас жігіт денсаулығында ақау бар екенін айтқан. Алайда, бұл факті әлі тексерілмепті. Рысбек осы уақытқа дейін дәрігерге көрінбегенін, өзін-өзі емдегенін айтыпты.

Қазір Рысбек Жаңабаев үй алуды күтіп, артынша Жоғары оқу орнына түскісі келетінін жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз