Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Түркіменстандағы азық-түлік дағдарысы жаңа деңгейге шықты — БАҚ-қа шолу

221

Түрікменстан астанасы Ашхабадтағы азық-түлік дағдарысы басқа өңірлердегі деңгейге жетті, деп хабарлайды Азатлык. Бұрын жағдай соншалықты нашар емес еді. Мемлекеттік дүкендерде негізгі өнімдер — нан, май, жұмыртқа тапшы.

— Нан алу кезегіне жүздеген адам кезекке тұрады. Нан  таңғы 10-11 шамасында, шектеулі мөлшерде сатыла бастайды. Әдетте 20 минуттың ішінде сатылып кетеді, барлығына бірдей жетпейді.

Кезекте тұрғандардың үштен бірі үйлеріне нансыз қайтады

Бір адамға тиесілі үш нанды сатып ала алғандардың кейбірі басқаларға біреуін береді, — дейді портал.

Түрікменстанда азық-түлік дағдарысы жалғасуда — БАҚ-қа шолу

Мемлекеттік дүкендердегі баға жеке меншік иелеріне қарағанда бірнеше есе төмен, сондықтан халықтың басым көпшілігі осы жерден сауда жасайды. Мемлекеттік дүкендердің көпшілігі жекешелендірілген, бірақ сөредегі тауарлардың 30-40%-ы субсидияланған бағамен сатылады.

Тағы бір тапшы тауар — тауық жұмыртқалары. Олар бір адамға 11 данадан, тек таңертең,

қараңғы болған кезде, ешкім ұзын-сонар кезекті суретке түсіре алмайтын кезде сатылады

Адамдар дүкенге таңғы бестен бастап келеді. Кесте бойынша олар жетіде ашылады, бірақ жұмыртқа ашылудан он минут бұрын сатыла бастайды, 15-20 минуттан кейін таусылып қалады. Мауда министрлігінен өтіп бара жатқан адамдар кезекті суретке түсірмесін деген  нұсқау келді.

Дүкен қоймаларында бар болғанымен, ұн сирек сатылады.

Мемлекеттік дүкендердің бірінің сатушысы ұнды бір килограмдап орайтын уақыт жоқ екенін айтты

Сондай-ақ өтімсіз тауарларды сұранысқа ие тауарларға «жүктеме» ретінде сату жалғасуда.

— Өсімдік майымен бірге күріш, томат пастасы, мерзімі өткен кәмпиттер, печенье және түрлі сусындар әлі күнге дейін жүктемеге сатылады. Бір литр өсімдік майы 13 манат тұрады, ал қосымша берілген тауарлармен бірге жалпы құны 25-28 манат болады, — дейді портал.

Бірақ Түркіменстан билігі экономикалық жетістіктері туралы мәлімдеуді, ал мемлекеттік БАҚ өкілдері елде «азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілген деген сөздерінен танар емес.

Түркіменстандағы «аштық дағдарысының» себебінен бір топ «дүкен мафиясы» пайда болды

 

Толық локдаун енгізілуі мүмкін

Түрікменстанда өңірлер арасындағы жолаушылар пойыздары мен автобус қатынасы кем дегенде 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін қалпына келтірілмейді. Бұл туралы үкіметке қарасты Orient басылымы хабарлады.  «Түрікмен темір жолы» компаниясы ресми сайтта шағын баспасөз хабарламасын жариялады.

Өңірлер арасында көлік қозғалысына шектеу сәуір айының басында енгізілді. Жолаушылар пойыздары 16 шілдеде ішкі бағыттар бойынша жүруді тоқтатты. Түркіменстан ел аумағында COVID-19 оқиғасы анықталмады деп сендіруді жалғастыра берсе де, бұл шаралар «елде өткір жұқпалы аурулардың әкелінуі мен таралуын болдырмауға» бағытталған деп түсіндіріледі.

Билік адамдардың қозғалысын ғана емес, олардың көшеге шығуын да қатаң шектеу туралы мәселені қарастыруда.

Шаралар пойыздар мен автобустарға ғана емес, азаматтардың жеке көлігіне де қатысты,

өңірлер арасында көптеген автомобиль жолы жабылды. Қазіргі уақытта бір аймақтан екінші аймаққа тек әуе қатынасы арқылы жетуге болады. Бірақ карантиндік шараларды күшейту аясында жолаушылар рейсі де тоқтатылуы мүмкін.

Түрікмен үкіметіне жақын дереккөздің хабарлауынша, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты

билік толық локдаунды енгізу мәселесін қарастыруда

Сонымен қатар, кейбір аймақтарда 1 қарашадан бастап дала жұмыстары шектелді. Мақтаны қолмен жинауға тыйым салынады, қалған дақылдарды комбайндар жинайды. Бірақ қазір жалға алушылар 1 қарашаға дейін жиналған мақта үшін ғана ақы төлей ме деп қорқады.

Сақалдыларға қарсы жаңа күрес: Бердымухамедов қарсыластарын Түркиямен байланыс орнатты деп айыптауда

Жергілікті денсаулық сақтау министрлігі маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы СМС хабарлама тарату ісін жандандырды. Маска режимін бұзғаны үшін полиция айыппұл салады.

Нормалар төмендегенмен, бағасы қымбаттады

Түрікменабадта мемлекеттік дүкендерде белгіленген бағамен азық-түлік сатып алу үшін отбасы мүшелерінің санын растау процесі күрделене түсті, деп хабарлайды turkmen.news. Бұрын бұл құжат үй басқармасынан берілетін. Енді

анықтаманы учаскелік инспектордан алады, содан кейін үй басқармасына ұсынылады. Ал оны алу үшін 1 манат төлеу керек

Онда отбасы мүшелерінің саны жазылады. Құжатты берген кезде кейбірін учаскелік полиция қызметкері суретке түстіреп алады.

Дереккөздер билік осылайша алыпсатарлықпен күресуге тырысады деп болжауда. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, үй басқармаларында кейде отбасындағы адамдардың саны әдейі көбейтіп жазылған анықтамалар берілген.

Берілетін азық-түлік нормалары еш жерде жарияланбайды, сатып алушылар ол туралы сатушылардан біледі. Бұрын олар ештеңе айтпай,  тек арнайы дәптерге белгілер жасап келді (бірақ сату көлемін белгілемейтін). Сатып алушылар

бұндай жағдайда сатушылар өнімдерді өз қалауы бойынша өлшейді  деп алаңдады

Кейін дүкендерде тексеру жүргізілді, ал қызметкерлер шынымен алаяқтықпен айналысқаны белгілі болды.

Түрікменабадтағы ақпарат көздері соңғы уақытта берілетін азық-түлік нормалары едәуір төмендеп, бағалар көтерілгенін көрсетеді.

Қала тұрғындарының бірінің мәлімдеуінше,

«Сәуір айында 40 манатқа мен бір пакет ұн, 1 кг қант, 2 литр күнбағыс майы, 1 кг сапасы нашар күріш, екі тауық еті, аздап пияз бен картоп, жарты литр сусын мен кофе алуға болатын. Ал қазір 44 манатқа бір литр май, екі ветчина, бір килограмм қант және кофе сусынын береді».

Сондай-ақ, қала тұрғындары жақында бірнеше ай ішінде бүкіл ел бойынша мемлекеттік дүкендерде алғаш рет пайда болған темекі саудасы екі күнге ғана созылғанын айтты. Оған қатысты дүрбелең сатуды тоқтатуға себеп болған.

— Екінші күні бірнеше дүкеннің әйнегі сынғаннан кейін сауда тоқтатылды, — деп түсіндірді қала тұрғындарының бірі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз