Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Сақалдыларға қарсы жаңа күрес: Бердымухамедов қарсыластарын Түркиямен байланыс орнатты деп айыптауда

615

Түрікмен билігі адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі 2020-2022 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдағанымен, нәтиже болмады.

Сонымен қатар, азаматтарды тек мақта алқаптарында ғана емес, сондай-ақ Бердымұхамедовтың сапарының алдында  көгалдандыру мен жинау жұмыстарына қатысуға мәжбүрлейді. Алайда олар тәуелсіз мониторинг жүргізуге барынша кедергі келтіреді.

Мемлекеттік департамент «мақта жинауға қатысты»  жоспардан бас тартуды ұсынды, өйткен жергілікті шенеуніктерді осындай шараларды орындау үшін  адамдарды мәжбүрлейді.

— Жыл сайын бюджет саласының ондаған мың қызметкері

мақта жинауға немесе өз есебінен бөгде жинаушыларды жалдауға мәжбүр

Жиын жұмыстарына қатысудан бас тартқаны үшін жұмыстан шығаруға дейін баратын түрлі жазалау түрлері қолданылады, — деп жазады портал.

Сондай-ақ, прокуратура адам саудасына қатысты шағымдардың көпшілігі алаяқтықпен байланысты деп есептейді.

2018 жылы мәжбүрлі еңбекті пайдаланғандықтан

АҚШ билігі Түркіменстаннан келетін мақтаға, сондай-ақ ішінара немесе толық түрікмен мақтасынан дайындалған кез келген өнім импортына тыйым салды

Наразылыққа шыққан адамның туыстары да жазаланады

Азаттық наразылыққа қатысқан азаматтардың туыстарына қысым жасалғанын хабарлады. Оларға жағдайларың қиындайды деп қорқытуда. Бұның барлығы шетелде және әлеуметтік желілерде Бердымухамедовке қарсы көрсетілген наразылықтан кейін болды.

— Коронавирусқа қатысты жағдайдың шиеленісуі, жұмыс орындарының жаппай қысқаруы, Түркияда арақтан уланудан ондаған түркімен еңбек мигранттарының қаза болуы, биліктің Лебап және Марый уәлаятындағы дауылдан зардап шеккен халыққа көмек көрсепеуі

25 жыл ішінде бұрын соңды болмаған, шетелдерде тұратын түрікменстандықтардың азаматтық белсенділігіне алып келді,

— деп жазды портал.

Түркменабад пен Дашогузда билік шетелде оқитын студенттердің ата-анасын шақырып, оларды қорқыта бастады. Көбінесе жұмыстан босатымыз, тіпті қамауға аламыз деп сес көрсетуде.

Сондай-ақ, Лебап велаятының барлық этрабында билік наразылыққа қатысушыларға қарсы үгіт-насихат жүргізуде. Қарулы күш, мәдениет және білім басқармаларының өкілдері жергілікті тұрғындарға арнап жиналыстар ұйымдастыруда.

— Олар дұшпандарымыз көбейді деді. Бұрын бізге қарсы АҚШ қастық саясатын жүргізді, енді

Түрік үкіметі біздің азаматтарға  ақша төлеп, наразылықтарға шығарды

Олар Түркіменстанды әлемге жаман жақтан көрсеткісі келеді деп үгіттеуде, — дейді  жиналысқа қатысушылардың бірі порталға берген сұхбатында.

Сонымен қатар, Лебапта

полиция түрік тілінде сөйлейтін азаматтарды шақырып алып, олардан енді тек түрікмен тілінде сөйлейміз деген қолхат алуда

Бақылаушылар түрік тілінің танымалдығы Түркиядағы еңбек мигранттарына  ғана байланысты емес дейді. Қазір түрік телеарналарының танымалдығының арқасында түрікмен арналары өз көрермендерін жоғалтқан.

Сақалдарын қырып тастауға мәжбүрлеуде

Лебап уәлаятында сақалды адамдарды (60 жасқа дейінгілерді)  ұстап алып, қырып тастауға мәжбүрлеуде. Бұл  іспен базарлар мен көшелерді тексеретін полиция мен ұлттық қауіпсіздік министрлігінің қызметкерлері айналысуда.

Журналистердің айтуынша, соңғы кездері мұнда сақал қойған жастар көбейіп кеткен. Алайда соншалықты ұзын да емес, әрі кетсе 3 сантиметр болады

Бөлімшеге жеткізілген ер адамдарды «діни экстремистермен» және «ваххабиттермен» қарым-қатынаста болуы мүмкін деп күдіктеніп, оларды қатаң жауапқа тартуда.

— Олар сақалды адамдарды түрік тыңшылары деп атайды, — деді ол жерде болғандардың бірі.

Түрікмен билігінің сақалдылармен күресі бірнеше жыл бойы жалғасып келеді және кей кездерде қарқынды жүргізіледі. Мысалы,

2019 жылы 20-дан 55 жасқа дейінгі сақалды ер адамдарды ұшақтар мен пойыздарға кіруіне тыйым салынды

Көптеген адамдар сапаға шығар алдында оларды қырынуға мәжбүр болды.

Лебападағы сақалды тұрғындармен күрестің қайтадан жандануының немен байланысты екені белгісіз.

Сонымен қатар, Түркіменстан халқына шаштарын бояуға тыйым салынды. Атап айтқанда, 40 жастан асқан  мемлекеттік қызметте істейтін ер адамдардың ағарған шаштары болуы керек, ал әйелдерге шашын ашық түске  бояуға және маникюр жасауға тыйым салынған.

Халыққа татуировка салуға да болмайды

Түркіменстан билігі осындай тыйымдарды не себептен қабылданғанын жұртшылыққа түсіндірмейді. Елдегі БАҚ өкілдері де осыған қатысты ақпарат бермейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз