Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Түркіменстандағы «аштық дағдарысының» себебінен бір топ «дүкен мафиясы» пайда болды

219
Банкомат алдындағы кезек, 2020 жылдың 20 наурызы (сурет: “Түркіменстан хабары”)

COVID-19 пандемиясы кезінде Түркіменстанның тұрғындарының жүріп-тұруы қиындай бастады, деп хабарлайды Азаттық. Ел астанасына кіру үшін басқа өңірлердің тұрғындарының

арнайы рұқсаты, медициналық анықтамасы және жаңа жасалған флюорографисы болуы керек

Соңғы талап жақында пайда болды.

Алайда аталған анықтамаларды бір жерден жинау қиынның қиыны. Портал тілшілері негізінен пара беріп, жасалады дейді.

— Үш күнге Ашхабадқа немесе басқа да уәлаяттарға бару үшін Лебап уәлаяттың шекара маңындағы аймақ тұрғындары аудандық емханадан COVID-19 жоқтығы туралы анықтама, сондай-ақ полициядан 14 күн мерзімге арнайы рұқсат алуы тиіс.

Жақында бес медицина қызметкері жалған анықтама ресімдегені үшін ұсталды,

дәрігерлер оларды үлкен сақтықпен және тек таныс арқылы ғана жасап береді, — деді Лебаптағы тілші.

Алайда түркімен билігі елде вирус таралғанын ресми түрде жоққа шығаруды жалғастыруда.

Түркіменстандағы коронавирус мемлекеттік құпияға айналды

Сонымен қатар, шетелде жүрген ел азаматтарының елге кіруін шектеу жоспарлануда. Шетелдік ЖОО студенттерінің ата-аналары тиісті хабарламалар алды.

— Лебапта студенттердің ата-аналарына баларының есепшотына тек 200 АҚШ доллары көлемінде салуға мүмкіндік береді деп мәлімдеді, — деп жазды портал.

Бұрын студенттерге 500 доллар айлық лимит қойылатыны туралы айтылды.

Бірақ мұнай тыйым салудың себебі белгісіз.

— Түркіменстанның бірнеше облысының тұрғындарына шетелдік төлқұжат беруді тоқтату туралы хабарламалар, сондай-ақ шетелде ауырған ел азаматтары туралы хабарламалар аясында жаңа ережелер пайда болды.

24 мамыр turkmen.news басылымы Беларусь пен Ресейде оқитын кем дегенде екі түрікмен студентінің коронавирус жұқтырғаны туралы хабарлады. Бұған дейін Түркіменстандық екі студенттің шетелде қайтыс болғаны туралы хабарланған болатын.

— Ондаған мың түрікменстандықтар жыл сайын шетелге шығады

Түркия, Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан және Қазақстанда білім алу мүмкіндігін іздеуде, — деп атап өтті портал.

Ерікті көмек көрсеткендерді органдарда тергеп-тексере бастады

27 сәуірде елдің шығыс аймақтарына көтерілген дауылға байланысты Түрікменстанның билігі Мары уәлаятының Байрамали қаласында қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Бірақ

бір ай өтсе де жөндеу жұмыстары қаланың орталық бөлігінде ғана жүргізілуде, ал басқа аудандар назардан тыс қалып отыр

Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар билік жүргізіп жатқан қалпына келтіру жұмыстарының сапасына шағымдануда.

— Тек бірнеше үйдің  ғана шатырын жөндеді, бірақ үшін ескі шифер қолданылады. Олар жеңіл жел болса да бытырлап сынатыны анық. Аздаған жаңбыр болса болды үйге су  ағып жатыр, —дейді журналистер.

Өзбекстандағы дамбаның жарылуы Орта Азиядағы су проблемасын әшкере етті

Үйдің тек сыртын жөндеп, ал ішкі жағна қол тигізген жоқ.

— Дауыл кезінде үйлерге айтарлықтай залал келді, қабырғаларында жарық пайда болды. Тұрғындар азық-түлік дағдарысын айтып, шағымдануда,

олар тамағын әрең тауып отыр, ал дауылдың салдарын жоюға қаражаттары жоқ,

— дейді портал тілшісі.

Жергілікті халық мүлкін, малы мен автокөліктерін сатуда. Дауылдан қираған үйлерін жөндейтін ақша керек. Тұрғындар  қала әкімшілігіне  бірнеше рет көмек сұрап барды, бірақ нәтиже болмады. Ал қалпына келтіру жұмыстарына тартылған жеке фирмалар төлемақыларын ала алмауда.

— Жеке меншік құрылыс фирмалары бүлінген терезелердің орнына пластикалық рамалар орнатты. Бірақ әлі әйнектерін салмады. Жергілікті билік әлі күнге дейін ақша аудармаған сияқты. Сондықтан

құрылыс фирмалары үй тұрғындарына пластикалық рамаларды қайта аламыз деп ескертті,

— деп журналист мысал келтірді.

Сонымен қатар, Мары уәлаятының қауіпсіздік органдары зардап шеккендерге өз еркімен көмек көрсететін кәсіпкерлерді шақыруда.

27 сәуірде болған табиғи апаттан кейін түрікмен билігі кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсету туралы өтініш білдірді. Бірақ ақшаның тек мемлекеттік құрылымдар арқылы берілуін талап етті.

Сондай-ақ, билік шетелде тұратын түрікменстандықтардың зардап шеккендерге  ақшалай көмек көрсетуіне  кедергі келтірді.

Бұған қарсы болған адамдар  Түрікменстанда және одан тыс жерлерде бірнеше наразылық акциясын өткізді.

«Дүкен мафиясы» өлмейді

Сонымен қатар, азық-түлік тапшылығы жалғасуда, деп хабарлайды Түркменньюс.

Астаналық бірқатар мемлекеттік дүкендерде таңертеңнен бастап адамдар ұзын-сонар кезекте тұрмас үшін сұранысқа ие азық-түліктерді таңертең және кешкі уақытта сату туралы шешім қабылданды. Осындай жол таңертең жұмысқа асығып, кезекте тұруға мүмкіндігі жоқ адамдарға ыңғайлы еді.

Бірақ бұдан ешнәрсе шықпады. Халық арасында «дүкен мафиясы» деп аталатын топ,  кезекті бір қулыққа басты: жұмыс істемейтін әйелдер таңертең де, кешке де кезекке тұра бастады

олар өздері үшін ғана емес, «мафияның» басқа мүшелері үшін де кезек алып қоятын болды

Таңертең біреу кезекке жазылып, қалғандарының да аты-жөнін жазып қояды, ал олар сатылым басталғанша келіп үлгереді.  Келесі күні  кешке қарай тағы да солай болады. Шағым айтқанымен, дүкен қызметкерлері оны елемейді.

Азық-түліктің бір бөлігі жоғары бағамен коммерциялық дүкендерде сатылып жатқанынына ешкімге алаңдамайды да

Кейбір дүкендерде сатып алушылар сатып алыған заттың көлеміне қарап ашуланбас үшін әкімшілік оларды мөлдір емес пластик пакеттерге салып, ақшаны картадан алады. Ақысын төлегеннен кейін ғана сатып алушы қапшықта не жатқанын көре алады.

— Әдетте, онда май мен қант бар, сонымен қатар жергілікті өндірістің шөлмектегі сусындары да салынады. Сусын арзан емес , 4 манат тұрады, бірақ кезекке тұрған адамдар ең болмағанда осылай азық-түлік алғанына риза. Басқа дүкендерде сусынның орнына 3 манат тұратын кексті сатады, — деп түйіндеді түркменньюс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз