Толқын Мырзакаримова 7 жыл бойы инстаграмды пайдалана алмай келген. Күйеуі тыйым салған.
Күйеуінің айтқанына қарсы шықпаған ибалы келін бәрін уақыт еншісіне салған. Міне, біраз жылдан кейін жолдасының көңілі жайланып, әйеліне Instagram-нан аккаунт ашуға рұқсат берді.
“Баршаңызға басымды иіп сәлем бердім құрметті оқырмандарым! Алланың қалауымен, жарымның рұқсатымен, ата-енемнің батасымен ашылған жеке ресми парақшама қош келдіңіздер! Өздеріңізге белгілі, сүйікті әншілеріңіз TТТ-ның Алла қосқан жары – Толқын!
Әр нәрсенің өз уақыты болады! Неге парақшам болмады, неге көпшілікке жасырынмын деген сұрақтарды жиі естіп келдім! Осы уақытқа дейін жеке парақшамның болмауы жарымның бұйрығы болды. “Сабақты ине сәтімен” демекші, бүгін сіздерге жеке парақшамның ашылғанын қуанышпен хабарлаймын. Тағы да, қош келдіңіздер!”, – деп жазды Толқын.