Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-9
USD
517
+8.88
EUR
543
+7.70
RUB
4.98
-0.08

Төлегенді атқан Бекежан емес. Шындық қайда?

1235

“Шешендi «сақау» деп, көсемдi «мақау» деп, батырды «сатқын» деп, ақылдыны «топас» етiп көрсеткеннен ауыр нәрсе бар ма!?

Рас, кезiнде кемеңгер жазушымыз М.Әуезов «Абай жолы» романында ақылды да парасатты Құнанбайдың бейнесiн кеңестiк саясаттың ыңғайына қарай сомдады. Сол сияқты кезiнде бар өмiрiн қалмақтар сияқты ата жаумен шайқасқа арнаған Бекежан сынды батыр да бiзге әлi күнге дейiн Қособада жатып алған жай ғана бiр жауыз қарақшы болып көрiнедi.”

Рас, Бекежан дегенде көзімізге ең алдымен Қыз Жібек фильміндегі Төлегенді аяусыз сатып кеткен жауыз елестейді.

Алайда,

Шектінің руынан тараған Бекежанның бүгінгі ұрпақтары атасына батыр емес, “жауыз” деп жала жапқан халқына өкпелі.

Сонымен, біз білетін фильмдегі жауыз Бекежан жырдың алғашқы тараған ауызша түпнұсқасында Қыз Жібекке бесінші атадан барып қосылатын, қыз алыспайтын туысы, Төлегеннің “ата жауы” емес, қасынан табылар серігі екен.

Жырдың басынан аяғына дейін Қыз Жібекті Төлегеннен қызғанып, садақ атқан қарақшы — Кескентерек.

Бірақ бізге жеткен жыр неліктен өзгерген?

Бүгiнгi «Орал өңiрi» газетiндегi Бауыржан Ғұбайдуллиннiң «Бекежанға бiржақты көзқарас қиянат емес пе?» деген мақаласында: «Сол кезде қазақ халық ауыз әдебиетi үлгiлерiн жинаған Жүсiпбек қожа Шайхысаламұлы Қазан қаласынан осы жырды кiтап етiп бастыру барысында жаңсақтық жiберген», дейді.

Қысқасы, Төлегеннің кеудесінен қадалған оқ — Бекежандікі емес.

Енді қай жырға сенеміз? Десе де, тарих бұрмалауды көтермейді…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз