Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Тоқаев: Назарбаев кетсе де ішкі және сыртқы саясатқа ықпалы болады

179

“Назарбаевтың билікте ұзақ отыруы – тұрақтылықтың белгісі. 2020 жылға дейін билікте болады. Кейін сайлауға түсем десе өзіне байланысты”, – деді Тоқаев сұқбатында.

Стивен Сакур, журналист:

– Егер менің математикалық есебім дұрыс болса, 2020 жылы Назарбаев 80 жасқа толады ғой?..

Қасымжомарт Тоқаев:

– Иә. Малайзияда 92 жасқа толған Махатхир Мохамад премьер-министр болды ғой. Ашығын айтқанда, 2020 жылы Назарбаев президент сайлауына түседі деп ойламаймын. Ол өте ақылды адам. Мүмкін 2020 жылғы сайлау басқа кандидаттармен өтер. Сайлауға түседі деп ойламаймын. Бұл – менің жеке ойым. Әрине бәрі Назарбаевтың өзіне байланысты.

Журналист:

– Сіз Қазақстан билігіндегі екінші адамсыз. 2020 жылғы сайлауға түсесіз бе?

Қасымжомарт Тоқаев:

– Түсем деп айтпас едім. Бәрі жағдайға байланысты. Назарбаев биліктен кетсе де Қазақстандағы ішкі және сыртқы саясатқа ықпалы болады. Бізде келесі сайлауға дейін уақыт бар. Бастысы Қазақстанға қазіргідей тұрақтылық керек.

Журналист:

– Қазақстандағы жемқорлық туралы не дейсіз?

Қасымжомарт Тоқаев:

– Адамдар жемқорлыққа қатысты көп сын айтады. Бірақ Қазақстан коррупциямен күресте басқаларға үлгі болады. Қазір 400-ге жуық мемлекеттік қызметкер коррупция айыбымен сотталды. Айтыңызшы қай елде, оның ішінде постсоветтік елдердің қайсысында осыншама шенеунік коррупциямен жауапқа тартылды? Жүйені кез келген адам сынай алады. Бірақ коррупциямен күресу жүйеміз жақсы жұмыс істеп жатыр…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз