«Астана EXPO-2017» Халықаралық көрмесінің қонақтарына Атырау бұқаларының жүрегінен әзірленген тағам тартылады.
Qamshy.kz сайтының хабарлауынша бұл туралы шетелдіктерге ас әзірлеу бойынша тендерді ұтып алған кәсіпкер әйел Елтай ауылындағы «Жас өркен» балалар лагеріне барған Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа баяндаған.
Аспаздың айтуынша «Астана EXPO-2017» кезінде қонақтарға 300 шақты ұлттық тағам түрлері ұсынылатын көрінеді.