Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Теміртауда оқушы қызды зорлаған педофиль-күдіктінің суреті жарияланды

310

Қалалық ішкі істер басқармасының шығыс полиция бөліміне түскен мәліметте Теміртаудың №2 шағын ауданындағы №120 мектептің маңында кәмелеттік жасқа толмаған қызға белгісіз ер адам шабуылдағаны жазылған. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-бөлігі бойынша соталды өндіріс жүріп жатыр.

«Қылмыс жасаған ер адамның ұлты анықталған жоқ, арықша келген, бойы – 170-175 см, салдыр-салақтау киінгені белгілі. Ол қара түсті тоқылған бас киім, қара күртешеде, қара кеудеше, қара спорттық шалбарда, қара кроссовкада болған», – деп хабарлайды ішкі істер басқармасындағылар.

Күдікті туралы естіген-білгендер болса, Теміртау ішкі істер басқармасының шығыс полиция бөлімінің мына телефон нөмірлеріне: 8 7213 95 42 00, 95 10 02 не 102 хабарласуды сұрайды.

Зардап шеккен оқушы қыз туралы мәлімет ашып айтылмады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз