Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Тарбағатай ауданы Семейде қос жәрмеңке өткізді

491

Ақ қар, көк мұз бен үскірік аязға қарамастан, сонау шалғай ауылдан әкелінген ет-сүт өнімдерін шаһар халқы сатып алды. Өйткені бағалары да нарықтан 20 пайызға арзан болды. Барлығы 8 тоннадан астам тауар саудаланды. Бұрын тек мал шаруашылығымен аты шыққан ауданда бүгінде бос жатқан жерлер қарқынды игеріліп жатыр.

Былтыр 2 мың гектар жер айналымға қосылса, биыл тағы мың гектар қосу жоспарланған. Яғни ауданға мұғалім мен дәрігерден өзге – агроном, технолог, гидро-инженер сияқты мамандар тапшы. Оларға көтерме ақы мен баспана алуға жеңілдетілген несие берілмек.

Еркежан Нұғымар, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті:

– Мамандығым – биотехнология. Соған байланысты онда қандай цехтар бар екені, ол жақта технологтар керек екені айтылды. Жұмысқа шақырды. Өз мақсатым – жаңа технологиялар бойынша ауылға барып, үйретіп, экономиканы дамыту.

Ділдабек Оразбаев, Тарбағатай ауданының әкімі:

– Соңғы 3 жылдың өзінде бізге 120-ның үстінде жастар келіп, әртүрлі мамандықтар бойынша жұмысқа тұрды. Бүгінгі жәрмеңкеде 60-тан астам жас келіп, келесі жылы жазда оқу бітіргеннен кейін біздің ауданға бару туралы ниет білдірді. Бәрімен келісімшарт жасасты. Келген жағдайда үй мәселесін шешіп береміз, жұмыс мәселесі шешіледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз