Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Таразда «EXPO-2017» – болашақ энергиясы» атты жастар форумы өтті

122

Жастар форумын ұйымдастыру мақсаты «EXPO-2017» халықаралық көрмесін жастар арасында кеңінен насихаттау болып табылады.

Шараға Тараз қалалық ақсақалдар Кеңесінің мүшелері, «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, жастар қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері, білім және денсаулық сақтау саласының жас мамандары, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері, барлығы 400-ге жуық адам қатысты.

Жастар форумы көрермендерге арналған «EXPO-2017» халықаралық көрмесінің жобасы туралы бейнебаянының көрсетілімімен басталды. Шара барысында қалалық ақсақалдар Кеңесінің мүшесі, жастар арасында жұмыс жүргізу тұрақты комиссиясының төрағасы М.Жаналиевтің, «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Б.Тұрсынбектің, Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Е.Төлендиевтің «EXPO-2017» халықаралық көрмесі туралы баяндамалары тыңдалып, қала жастары тарапынан ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты.

dsc_0290

dsc_0309

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз