Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Тамашаға” 40 жыл! 30 қарашада үлкен концерт өтеді

768

«ТАМАША» ойын сауық отауының барлық артистері елге кеңінен танымал,театр және кино актерлары болып табылады.

Сонымен қатар бір кездері сол ұжымда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Тамаша ойын сауық отауының режиссері Ұлықпан Есеновтен тәлім тәрбие алып,Тамашада әр жылдар арасында қызмет еткен жандар бар.

Осы мерейтойлық концертте

ҚР Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов және ҚР Еңбек сіңірген әртістері Лидия Каденова, Қадырбек Демесінов, Данагүл Темірсұлтанова, Гүлбаушан Тілеубекова, Бауыржан Ибрагимов, Асқар Наймантаев, Мұхамеджан Мырзекеев, Жанатбек Байтеков, Ұлан Үсібалиев сахнаға шығады.

​Дәл сол күні Тамашаны қолдап өз өнерлерін көрсетуге Тамашаның сахнасынан танылған халыққа қырық жылдан бері таныс әншілер келеді:

Айжан Нұрмағамбетова, Бақтияр Тайлақбаев, Марат Омаров,Татьяна Бурмистрова, Жанар Айжанова, Сэйшн тобы, Алтынбек Қоразбаев, “Досмұқасан” ансамблі, Парвиз Назаров, «ТАРАЗ» триосы, Бақыт Шадаева.

​Келіңіздер! Біз Сізді күтеміз!

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз