Regnum сайтының бас редакторы Григорий Михайлов өзінің депортациялануын кәсіби қызметімен байланыстырды. Михайлов тіркелу уақытын кешіктіріп алғанын растады, бірақ заң бойынша ол 10 мың сом көлемінде айыппұл төлеуі керек.
“Мен оппозициялық БАҚ-та жұмыс істемедім, мен үкіметтің ақпарат құралында жұмыс істемедім, мен ресейлік БАҚ-та жұмыс істеймін, Қырғызстандағы жағдайға бейтарап қараймыз”, – деді ол.
10 наурызда Қырғызстан милициясының қызметкерлері Михайловты ел аумағынан тыс — Қазақстанға шығарып тастады. Қырғызстан билігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме бермеді.
Бұған дейін Regnum сайтында “Ата Мекен” партиясы мен оның жетекшісі Өмірбек Текебаевтың мәлімдемесі негізінде материал жарияланған еді.