Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
1
USD
463
0.00
EUR
494
0.00
RUB
5.99
0.00

Тағы да алтын. Фристайлшы қыздар ерледі!

Спортшыларымыз 167.05 ұпай алды, ал қарсылас қытайлық екі команда 113.02 және 87.77 ұпайдан алды.

Осылайша, Қазақстан қоржынына сегіз медаль қанжығалады: екі алтын, екі күміс, төрт қола.

Еске сала кетелік, І-орын – алтынды биатлоншы Алина Райкова алды. Ол екі рет мүлт кетіп, барлық жолды 59 минут және 48,7 секундта жүріп өткен еді. Оның артынша тағы бір қазақстандық Галина Вишневская (+2:21) келді, ол төрт рет мүлт кетті. Үздік үштікте украиналық Надя Белкина да бар (бес рет мүлт кетті, +2:23).

Қазақстанның басқа да өкілдері Дарья Усанова бес рет мүлт кетіп, мәре сызығын төртінші болып кесті, ал Елизавета Бельченко бесінші болып келді (төрт рет мүлт кетіп, +3:10).

Еске сала кетейік, кеше, Анна Шевченко шаңғы жарысында қола медаль алған болатын. (бес шақырым қашықтыққа жеке жарыстан). Бұл қашықтыққа жүгіруден ресейлік Лилия Васильева 14.08.6 көрсеткішімен алтын медальді еншілесе, тағы бір ресейлік спортшы Анна Нечаевская күміс медальды алды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз