Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Тұңғышбай Жаманқұловтың жұбайы: Күйеуімді куәгер ретінде шақырған…

Оның айтуынша, қазіргі кезде Тұңғышбай Жаманқұловтың телефондары қосулы тұр. Алайда оның барлығын құқық қорғау органдары тәркілеп алған.

“Маған бірдеңе айтсаң, іс насырға шабуы мүмкін деді. Сәл күте тұрайықшы. Мені тыңдап жатыр. Дәл қазір ештеңе айта алмаймын”, – дейді ол.

Еске сала кетейік, ҚР Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бюросының мәліметіне сәйкес, «Феникс» көркем фильмін түсіруге арналған 79 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражаты «Т.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС есеп-шотына аударылып, сол арқылы 69 млн. теңгесі ұрланғаны айтылған еді. Ал аталған фирманың құрылтайшысы – картинаның бас продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов.

Ғаламтордан алынған кәсіпорынның төлқұжатына сәйкес, «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан. Фирманың айналысатын саласы “көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу” деп көрсетілген. Қарашаның 2-сі күні бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталды. Сондай-ақ сот санкциясымен «Қазақфильм» АҚ-ның экономика және қаржы басқарушы директоры Г. Ысқақова мен атқарушы продюсер Н. Юдина тұтқындалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз