Ең бастысы – Түркиядағы қазақстандықтардың қауіпсіздігі деп мәлімдеді Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов.
Премьер-министр бұл мәлімдемесін Твиттердегі аккаунтында жариялады.
«Ыдырысовқа қазақстандықтардың хабар алуы үшін Astana, Ankara, Istambul, Antalya жедел желісін құруды тапсырдым. Ең бастысы – қауіпсіздік!» – деп жазды Үкімет басшысы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.