Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Түркияда 3 миллион мемлекеттік қызметкер жазғы демалысқа шықпайтын болды

Соңғы ресми мәліметтер бойынша, тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандар саны 290 адамға жеткен.

„Йылдырим жеті жарым мың полиция, әскери, сот қызметкері және азаматтық тұлғалар ұсталды дейді. 10 мыңдай мемлекеттік қызметкер мен шенеунік, қаржы министрлігі, ішкі істер министрлігі өкілдері және 30 губернатор мен 47 аудан әкімшілігінің жетекшісі қызметтерінен шеттетілген. Олардың барлығы мемлекеттік төңкеріс әрекетіне қатысы бар деп күдікке алынды„- деп жазады түрік басылымы “Хюрриет”.

Премьер-министр сонымен бірге Түркияның АҚШ-пен достық қарым-қатынасы дүдамалдылық алдында тұр деп мәлімдеді. Анкара Вашингтоннан ислам дінін уағыздаушы Фетхуллах Гүленді қайтаруын талап етеді. Ол Режеп Эрдоғанмен араларында сызат түскен соң, Америкаға көшіп кеткен. Билік Гүлен мен оның жақтастары бүлікті ұйымдастырды деп есептейді. Ал діни уағызшы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады.

Түркиядағы АҚШ елшісі Джон Басс Түркияның Америкаға таққан айыптары шындыққа сәйкес келмейді деп мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз