Нұр-Сұлтан
Қазір
-27
Ертең
-25
USD
460
+0.45
EUR
496
-0.43
RUB
4.97
+0.04

Тұрғын үй заңнамасына өзгеріс енгізу ұсынылды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Мамандар мәлімдегендей, «ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының ПИК-терге қатысты тарауына 1997 жылдан бері еш өзгеріс енгізілмеген.

Тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Өскенбаевтың айтуынша, ПИК-тердің тұрғындар алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында сарапшы топ 29 өзгерту ұсынбақ.

«Әкімшілік шығындар көпшілікке белгісіз. Кейбір ПИК-тердің шығыны 80 пайызға жетіп отыр. Сонда тек 20 пайыз ғана үйді жөндеу мақсатына жұмсалады. Тұрғын үй қатынастары туралы заңына» ПИК-тердің есепшотындағы соманы қадағалауға рұқсат беретін мүмкіндік керек. ПИК басшысын өзгерту үшін сот шығындарын да ортақ қаржыдан шығаруды доғару қажет», – деді ол.

Сондай-ақ, ПИК-терге жинақталған соманы тұрғындардың рұқсатымен ғана жұмсау ұсынылды. ПИК төрағаларының қызмет өтілін 3 жылға дейін қысқарту көзделген.

«Әлбетте ПИК пен тұрғындардың ғана емес, олардың мемлекеттік органдармен қатынасын реттеу қажеттілігі туып отыр. Бұл ұсыныстарды қаперге аламыз», – деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлмира Исимбаева.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, қалада қазір 8,5 мың көппәтерлі үй бар. Оларда 800 ПИК жұмыс істеп келеді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз