Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Төлешовпен бірге ұсталған үш адамға рақымшылық жасалды

Апелляциялық сот алқасының қаулысымен Б.Жумин, К.Пернебаев пен К.Ысқақовқа қатысты ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі арнайы сотының үкімі рақымшылық актіне байланысты өзгертілді.

“Сотталушы Б.Жумин мен К.Пернебаевтың өтелмеген мерзімі 2016 жылдың 13-желтоқсанындағы “Қазақстан Респубюликасының 25 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы” заңының 4-бабының 2-тармағы негізінде төрттен біріне қысқартылды. Сотталушы К.Ысқақов “Қазақстан Респубюликасының 25 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы” заңының 2-бабының 3-тармағының 2-тармақшасы негізінде жазасын өтеуден босатылды. Жазаның басқа тұстары өзгеріссіз қалды”, -делінген сот хабарламасында.

Апелляциялық инстанция Тоқтар Төлешовтің адвокаты берген шағымды қанағаттандырмады. Сотталған бизнесменге қатысты жаза сол күйінде қалды.

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30-қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Оның үйін және жұмыс орнын тінту кезінде қару-жарақ, есірткі заттары мен оқулық табылған еді. Кәсіпкермен қатар үш адам ұсталған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз