Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 1 сәуірден басталған «Түбіртек талап ет!» акциясын қорытындылады.
1 сәуір мен 31 тамыз аралығында өткен бұл акцияға 137 жеке тұлға қатысып, 1370 түбіртек өткізген деп хабарлады Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының баспасөз қызметі.
5 айда жиналған купондарды басқарма жанынан құрылған комиссия санап, жеңімпазды анықтады. Ол 150-ден аса түбіртек өткізген Тараз қаласының тұрғыны – Асқар Қадырқұлов. ІІ-орынды Елена Скрипченко, ІІІ-орынды Александра Будаева иеленді.
1 қазаннан бастап, 15 желтоқсанға дейін «Түбіртек талап ет!» акциясы ресбуликалық деңгейінде басталды. Бұл акцияға кез-келген қазақстандық қатыса алады. Биылғы жылғы акция «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қаржылық қолдауымен электронды форматта көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы өткізіледі.
Бұл мобильді қосымша таза қазақстандық өнім болып табылады. Отандық мамандар дайындаған бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады.
Акцияның қорытындысы Мемлекеттік кірістер комитетінде болады. Онда бағалы жүлделер, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынады.