Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

«Сырымның сыры белгілі…». Биліктің блогері не бүлдірмек?

277

Жалпы, Сырым Абрахмановтың бастамасына жұрттың наразы болуы тегін емес.

  • Біріншіден, ол партияның атын 1917 жылы құрылған «Алаш» партиясы деп атамақ.

Бұл – оның бірінші қателігі. Өйткені Сырым Абдрахманов Әлихан Бөкейхан бастаған «Алаш» арыстарының қолына су құюға да жарамайды. Сондықтан да ол партиясын басқаша атағаны жөн еді. Бұл туралы тіпті саясаттанушы Айдос Сарым да өз пікірін білдірген екен: «Менің ойымша, қазаққа ортақ, қасиетті “Алаш” атауын саяси партияларға, бизнеске беруге тыйым болуы керек сияқты. Бір девальвацияланбаған, ластанбаған ұғымды сақтап қалайықшы. Екі Хан Тəңірі тауы жоқ. Екі Алаш партиясы да бола алмайды», деген ол.

Мұндай салмақты кеңеске құлақ асып, нәтиже шығарудың орнына, блогер Айдос Сарымның жағасына жармасады. Нақтырақ айтсақ, ол әлеуметтік желіде «Алаш» екеу бола алмайды деп жүрген Айдос Сарым “Отан” партиясы құрылғанда да, “Отанға” “Нұр” қосылғанда да “Отан” екеу болмайтынын, сосын оған “Нұр” қосып, жүрекке ыстық мағынаны іріттіңдер деп ләм деген жоқ! Соған қарағанда биліктің жемін жеп, шоқпарына айналған “тұлғалар” бет-пердесін аша бастады-ау!», деп бүйректен сирақ шығаруға тырысқан.

Негізі, саяси партия құрамын деп отырған азаматты дүйім жұрт қолдауы керек еді.

Өйткені елімізде билік партиясына қарсы тұра алатын жібі түзу бір партия жоқ. Бірақ байқасаңыз, «Алаш» атын жамылып, партия құрғысы келіп отырған Сырым Абдрахмановтың өзі де биліктің сөзін сөйлейтін азамат.

  • Бұл – оның екініші, және басты қателігі. Бұған дейін өзін биліктің адвокаты ретінде танытқан блогердің бұл әрекетінен береке шықпайтын тәрізді. Мысалы,

бұқара халық Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың реформасына қарсы шығып жатқанда, бұл оны ақтап әлек болған…

Иә, бұ кісіңіз былтыр facebook әлеуметтік желісінде министрмен кездескенін жариялап, оның саясатын ақтап шыр-пыр етті. Ерлан Сағадиевті 10-15 жылдан бері білетінін жазған блогер министрді «5 жылдан астам шетелде оқып келген тәжірибесі бар. Жалпы, піскен азамат» деп бағалайды екен. Бір қызығы, блогер «піскен азаматтың» бірінші сыныпқа арналған Әліппені алып тастап, оның орнына «Сауат ашу» деген дүмбілез пән енгізгенін айыптамайды. Министрдің адвокаты болған блогер әліппе бірінші емес нөлдік сыныптан бастап оқытылатынын жазады. «Бұл үшін арнайы комиссия құрылып, Бекболат Тілеуxаны бар азаматтар жаңа Әліппенің мәтінін мұқият қарайтын болады. Комиссияның мүшелігіне өзімді де шақырды. Мысалы, менің Дінмұxамедім биыл 6 жасқа толып, нөлдік сыныпқа бармақшы. Егер ұлым Әліппені бір жыл ерте танып жатса, өзім риза болар едім» деп соққан блогер.

Шыны керек, қоғам шуынан кейін министр амалсыздан әліппені қайтарған болатын. Сырым Абдарахманов бұл жайтты ескермеген тәрізді.

Сондай-ақ зиялы қауым өкілдері министрліктің бірінші сыныптан бастап оқушыларды үш тілде оқытатынына наразы болды. Бір қызығы, министрдің қабылдауына өзі сұранып барған азамат Ерлан Сағадиевтың бұл реформасын «білмейтін» болып шықты. Осыған байланысты қойылған Сәуле Түркияның сұрағына ол «министрліктің шет тілінің бірінші сыныптан енгізгенін білмеппін. Ол дабыл қағуларың дұрыс. Бұл жөнінде өз позициямды айтамын», деп жауап берген екен.

Негізі, Сырым Абрахмановқа байланысты талай мысал келтіруге болады. Міне, бір ғана білім министрлігіне қатысты пікірі кешегі Алаш арыстарының ұстанымына қарама-қайшы.

Бұған таң қалудың қажеті жоқ. Бір блогер «блогер өзі барған жер туралы жамандап жазбайды», деген. Расында,

бүгінде ақысын төлесең боқысын шығаратын блогерлер қаптап кетті. Сырым Абдрахманов та солар сияқты Үкіметтің саясатын қолдап, «қу жанын бағып» жүр-ау...

Ал Әлихан Бөкейхан болса, Ахмет Байтұрсынұлы айтпақшы, «түймеге жарқылдаған алданбаған» еді.

Айтпақшы, бұл Сырым Абрахманов Алаш атауын саудаға салып отырған бірінші саясаткер емес. Бұл қатарға «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашевті де қосуға болады.

Суреттер facebook-тен алынған

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз