Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Сыбайлас жемқорлық бойынша сотталғандарға 73,8 млн. астам теңге айыппұл салынды

102

Сыбайлас жемқорлыққа барған 31 лауазымды тұлға ұсталса, соның алтауы – әйелдер. Солардың  ішінде 13-і ішкі істер органдарының қызметкерлері болса, әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелері және басқа сала қызметкерлері де бар. Мысалы, қылмыстық атқару жүйесі департаменті Орал қаласы бойынша пробация қызметі бөлімінің бастығы И.Нағметовке 25 мың теңге пара алғаны үшін 1,250 млн. теңге айыппұл салынды.

Жалпы, облыс соттарында сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін 30 адамға қатысты (өткен жылы осы мерзімде – 29) 26 (27) қылмыстық іс қаралды. Айталық, Абай полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығы Б.Тілеулиев ҚР ҚК 177-бабы 3-бөлігі «б» тармағына (1997 жылғы редакцияда) сәйкес айыпты деп танылып, оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанымен, ҚР 63-бабы қолданылып, үш жыл шартты сынақ мерзімі белгіленді. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сотталғандардың ішінде 11-і құқық қорғау, төртеуі білім беру, алтауы қадағалаушы органдардың, біреуі сот, төртеуі пробация, екеуі – мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлері. Әсіресе, құқық қорғау мен қадағалаушы органдар қызметкерлері пара алудан «ерекше көзге түскен».

Талдау көрсеткеніндей, 30 адамның үшеуі бас бостандығынан айырылса, төртеуі шартты түрде сотталды, біреуінің бас бостандығы шектелді. Екі  әйел адамның жазасын өтеу кейінге қалдырылды. 21 сотталушыға жазалау шарасы ретінде айыппұл тағайындалды. Сыбайлас жемқорлық істері бойынша салынған айыппұл көлемі 73 млн. 871,5 мың теңгені құрады. Мәселен, Орал қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігіне сәйкес мүлкін тәркілеп, өзін-өзі басқару және мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырумен бірге Э.Ғабдуллин мен Е.Белкеновтің әрқайсысына параның 70 еселенген мөлшерінде, яғни 3,5 млн. теңге айыппұл салынды.

БҚО прокуратурасы соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету және сот актілерінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы Нұрлыбек Жұбановтың сөзіне қарағанда, айыппұл салынған 21 адамның 18-і (86 пайыз) 64 млн. 221,5 мың теңгені өз еріктерімен төледі. Қазіргі уақытта 3 сотталушы 9,650 млн. теңгені төлемей отыр. Соның ішінде 3,704 млн. теңгені төлеудің өз еркімен төлеудің мерзімі өткен жоқ. 2 сотталушының 5,946 млн. теңгені төлеуі кейінге қалдырылды. 

20161019152646

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз