Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Светлана Жақыпова зейнетақы дұрыс есептелмеген дегендерге жауап берді

Вице-министр шілде айының басында БАҚ беттерінде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

“Шілденің үші-төрті күндері БАҚ беттерінде зейнетақы толық емес, екі  бөлініп келіп жатыр деген ақпарат тарады. Неге бұлай болғанын түсіндірейін. Мәселен, зейнеткердің ең төменгі зейнетақысы 49 мың теңге делік. Оған бірінші 15 мыңдай базалық зейнетақы түседі, ол ойлайды: қайта есептеуден кейін зейнетақымды азайтып тастаған екен ғой деп. Бірақ қалған сома банктің кеш аударуымен келесі күні түседі. Бұлай болуы мүмкін, бірақ ешкім зейнетақысын бұрынғыдан төмен алған жоқ”, — деді ол.

Жақыпова қазір еңбек министрлігі жұмыс берушілердің кесірінен зейнетақысын дұрыс ала алмай жүргендердің мәселесімен айналысып жатқанын айтты.

“Қазір еңбек министрлігінің күн тәртібінде тұрған мәселе – жұмыс берушілердің кесірінен зейнетақы жарнасы уақытылы аударылмаған зейнеткерлер. Жұмыс берушілер зейнетақы жарнасын ай сайын емес, жыл соңында бәрін қосып аудара салған. Бұл мәліметтер базасында бір ай деп есептеледі. Сондықтан, бұған қатысты шағымданып жатқандар бар. Біз оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жарна бір айға емес, бір жылға төленгенін растауы керек екенін түсіндіріп жатырмыз. Ол сот шешімін әкелуі тиіс. Егер еңбек кітапшасында зейнеткердің 12 ай жұмыс істегені жазылса, бірақ зейнетақы жарнасы тек бір айда төленсе, онда тиісінше әлгі төлемді 12 айға бөлу керек. Ол үшін үкімет қаулысын, бұйрықты қайта қарау қажеттігін айтып жатырмыз”, — деп түсіндірді вице-министр.

Дерек көз:Sputnik.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз