Лондон олимпиадасының чемпионы Светлана Подобедова 2015 жылы Хьюстондағы әлем чемпионатының қола медалін ресми түрде иеленді. Бір жыл бұрынғы әлем чемпионатының жүлдегері Ольга Зубованың басы дауға ілінуіне байланысты осындай шешім шығарылды.
Зубова осыған дейін бір рет допинг дауына ілініп, екі жыл спорттан кеткен.
12-маусымда IWF Подобедованы ресми түрде қола жүлдегер деп таныды. Ол 2009 және 2010 жылы өткен әлем чемпионатында алтын, 2011 жылы күміс медаль алған. 2012 жылы Лондон олимпиадасының чемпионы атанған.