Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Стамбұлдағы Ататүрік әуежайында жарылыс болып 36 адам қаза тапты (фото, видео)

146

Жанкештілердің бірі өзін металтексеретін құрылғының алдында жарып жіберген. Екіншісін атыс кезінде полиция өлтіріпті, ал үшіншісі тірідей қолға түскен.

Әуежайдың қауіпсіздік пунктісінің алдында тұрған азаматтардың көпшілігі қаза тапқан немесе жарақат алған.

Бәрі неден басталды? Құқық қорғау органдарының мәліметінше полиция Стамбұлдың ыстығында куртка киіп алған, сырт келбеті күдік туғызатын адамды байқап қалған.

Айта кетелік, әуежайға жасалған шабуылдан кейінгі кезекті жарылыс соған жақын орналасқан метрода болды.

Айта кетелік, Ататүрік әуежайындағы барлық рейстер 29 маусым сағат таңғы 8:00-ге дейін шегерілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Стамбулдағы жарылыстар салдарынан қаза тапқандардың және жапа шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Бұл туралы Қазақпаратқа Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.

«Қазіргі таңда, Ыстамбұлдағы жарылыстар салдарынан қаза тапқандардың және жапа шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Қазақстанның Бас консулдығы ақпаратты анықтап жатыр. Қосымша мәліметтер хабарланады», – деді телефон бойынша Жайнақов.

 

Теракт-в-Стамбуле-28.06.2016-фото-12

b22ea936-fa5e-473f-8a21-10e51fda9e9a_tv

CmD7E25WEAANosF

CmD9MD7WIAAo-7W

Теракт-в-Стамбуле-28.06.2016-фото-3

Теракт-в-Стамбуле-28.06.2016-фото-7

Теракт-в-Стамбуле-28.06.2016-фото-11

https://www.youtube.com/watch?v=9kAjlIwIr3E

https://www.youtube.com/watch?v=aMfYuQn-hK0

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз