Алматы метросының бұрынғы директоры Мұрат Өкшебаевқа рақымшылық жасалды.
ҚР Жоғарғы сотына сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлады.
“Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының 2017 жылдың 31-қаңтарда шығарған шешімімен 2016 жылдың 13-желтоқсанында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай енгізілген рақымшылық заңына байланысты сотталған Өкшебаевтың қамау мерзімі 7 жыл 7 айдан – 3 жыл 9 ай 15 күнге қысқартылды”, – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 2015 жылдың 24-желтоқсанында Алматы метросының бұрынғы директоры Мұрат Өкшебаев 9 жылға сотталған болатын. Ол ақша жымқырды деген күдікпен ұсталған еді. Сондай-ақ, 2009 жылы Өкшебаев 120 миллион теңгені мақсатсыз жұмсағаны үшін әріптестерімен бірге үй қамауына алынған болатын. Алайда кейін Өкшебаев босатылып, жұмысына оралған. Соңғы кездері ол қала мәслихатының депутаты болып қызмет еткен.