Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Соғыстан оралғандай”. Түркістанда ата-аналар балаларын мектепке жібермей отыр

153

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Он күннен бері оқушылар оқуына осылай бір-біріне мінгесіп барып келуге мәжбүр. Жүректері қысылған соң шыдамай бір-бірінің үстіне құсатын жағдайлар да жиілепті. Балаларына жаны ашыған ата-ана шыдамай бүгін Жібек жолы ауылында айғайға басты.

“Балалар бәрі қысылып барады, қысылып келеді. 120 баланы бір автобусқа тығуға бола ма? Ескі автобустар сынып қалады. Балалар сабаққа кеш барады, кеш келеді”, деді ата-ана.

Ақмола облысында туған бөлесін өлтіргендер сотталды

Жібек жолы ауылындағы жалғыз мектепте күрделі жөндеу қазанның 25-і бір-ақ басталыпты. Ал, мектептегі 920 оқушыны жөндеу жұмыстары кезінде көрші ауылдардағы 4 мектепке бөлген. Олардың тасымалына бар жоғы 4 автобус қойылып, ата-аналар шағымдана берген соң бүгін 5-шісін қосыпты. Алайда, айрықша арызданғыш ата-аналар үшін балалары зардап шегіп жатыр екен.

“Менің өз қызым жақсы оқитын еді. 3-ке түсіріп тастапты. Қазір міне сіздер кеп тұрғаннан кейін әдемілеп балаларды әкетіп жатыр”, дейді екінші баланың анасы.

Ата-аналар шу шығарып, оқушылардың мектепке баруы күрт азайған соң білім бөлімінің басшылары да ауылға жетті. Шағымды тыңдағанымен нақты жұрт айтқан қосымша автобустарды қосар-қоспасын айта алмады. Тек, аудандық шенеуніктердің аузына түспегенді жөндеуі бітпейтін жатқан мектеп директоры қойып қалды.

Салмақ тастаған соң, қайта семірмеуге көмектесетін диета анықталды

“5 автобус қазір. Бұлардың талабы бойынша барлығы отырып баруы керек дейді. Ол дұрыс та шығар. Ол үшін 32 автобус керек. Енді 32 автобусқа сіз есептеңіз білім бөлімінің ақшасы жетпейді., оған 60 миллион теңге кетеді”, деді Бөкейханов атындағы жалпы орта мектептің директоры.

Әйтсе де, директор айтқан 60 миллион теңгенің шығуы екіталай. 25-ші қазаннан 1-ші желтоқсанға дейін тасымал үшін бар болғаны 5 миллион 130 мың теңге ғана бөлінген екен. Сондықтан, оқушыларға қысқа дейін шыдаудан басқа амал жоқ сияқты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз