Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Сирияда адам өлтіргені үшін қазақстандық үш қыз өлім жазасына кесілді

109

Бүгінде 800-ден астам қазақстандық азаматтың Сирияға өткені анық. Оның 120-сы ер адам, 250-і әйелдер. 500-і кәмелетке толмағандар.

Солтүстік Кавказ елінің әйелдер ұйымы Сириядағы отандастарын елге қайтару туралы жұмыстар жүргізеді. Олардың мәліметінше, соңғы кездері Сирияда жағдай шиеленісіп кеткен.  ДАИШ құрамындағылардың жағдайы төмен. Адамдар амалын тауып қашып кетудің мүмкіндігін іздеуде.

6 қазақстандық әйелдің Сирияадан кетіп, Түркияға өтпек болғаны айтылды. Алайда оның үшеуі ақшаның жоқтығынан және басқа амалы қалмағандықтан жанындағы үшеуін өлтіріп тастаған. Оның бірі 7 жасар бала. Олардың жинаған ақшасын алып, «Халифаттан» қашпақ болғанда қолға түседі. Үш әйелді де өлім жазасына кесті.

Солтүстік Кавказдағы әйелдер ұйымы өлім жазасына кесілгендердің аты-жөнін жариялады. Оның бірі ақтөбелік Гүлбану (діни есімі УммМариям) мен  Дарина (УммМуса), тараздық Салтанат (діни есімі УммАтика).

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз