Сириядағы әскери қимылдарға қатысып жүрген қырғызстандықтар саны 600-ге жетті. Бұл туралы “Азаттыққа” Қырғызстан ұлттық қауіпсіздігі мемлекеттік комитетінің баспасөз хатшысы Рахат Сулайманов хабарлады.
Оның айтуынша, Қырғызстанның 70-тен астам азаматы сол елде қайтыс болған. Бұған қоса Сириядан оралған 20 азамат анықталды. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.