Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
7
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Сібір жарасы дертін жұқтыру күдігіне ілінген ерлі-зайыптылар ауруханаға жатқызылды

Ерлі-зайыптылардың айтуынша, 16-тамызда мал сойған, содан бірнеше күннен кейін сол білегінің терісі күлдіреп, түсе бастаған. 25-тамызда олар аудандық ауруханаға қаралған, ал дәрігерлер бірден облыстық инфекция ауруханасының мамандарын шақыртқан, – дейді Айжан Иса.

Оның айтуынша, дәрігерлер олардан қан алып, сараптама жасаған, ал науқастарды Қарағандыға алып кету туралы шешім шығарған.

„Оларды облыстық инфекциялық ауруханаға жеткізді, қазір оқшауланған бөлмеде жатыр. Диагноз әлі қойылған жоқ. Алынған сараптаманың алғашқы нәтижелері бүгінгі күннің соңына дейін белгілі болып қалуы керек. Дегенмен осыған дейін де аталған дертке қатысты күдікті науқастар мұнда түскен. Бірақ диагноз нақтыланбаған. Бұл жолы да солай болуы әбден ықтимал„ – дейді Айжан Иса.

Еске сала кетелік, шілде айында Қарағанды облысы, Шет ауданы, Еркіндік ауылында сібір жарасы дерті бой көрсетті. Ауылда карантин жарияланды. Облыстық инфекциялық ауруханаға 11 адам жатқызылған болатын. Олардың 8-інің диагнозы нақтыланды. Екеуі көз жұмды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз