Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Шұңқырға түсіп кеткен ақтөбеліктің денесі табылды

102

Еріктілер бір ай бойы іздеу жүргізіп, Ақшат ауылы маңындағы шұңқырдан 54 жастағы ер адамның денесін алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Іздеу жұмыстарына қатысқан еріктілер жарты сағат бұрын шұңқырдан Кенжебай Алдашевтың денесін тапты. Ол өзі хабарлағандай, Ақшат ауылы маңындағы шұңқырдан табылды.

Еріктілер 10 қарашадан бастан күні бүгінге дейін күн сайын іздеуге шықты. Біздің іздеу тобымызда 30 ерікті бар. Әр күні 3, кейде одан да көп адам қатарымызға қосылды», – дейді Ақтөбедегі іздеу еріктілер тобының жетекшісі Екатерина Голотина.

Ақтөбеде туыстары мен ТЖД кезекшісіне хабарласып, көмек сұраған ер адам табылмай жатыр

Айта кетейік, 54 жастағы Кенжебай Алдашев өзінің шұңқырда екенін айтып, көмек сұраған болатын. Іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметі мен полиция, еріктілер, тума-туыстары қосылды. Ал отбасы тауып берген адамға сыйақы тағайындаған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз