Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
22
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Ақтөбеде туыстары мен ТЖД кезекшісіне хабарласып, көмек сұраған ер адам табылмай жатыр

102

Басылымның мәліметінше, Кенжебай Алдашев 9 қарашада таңғы сағат бестерде туыстарымен соңғы рет байланысқа шыққан.

“Әкем Заречный-2 ауылында тұрады, кішігірім фермасы бар, онда құстарды ұстайды. Сол күні ол фермада болатын, кейін нан алып келуге шығып, жол-жөнекей көршілеріне кіріп шыққан.

Жеңіл киініп алған, себебі жылы киімдері үйде қалған еді. Біз әкем көлікпен біреумен кетті деп ойлап отырмыз”, – дейді Алдашевтың қызы Айжан.

Оның айтуынша, әкесі ағасына хабарласып, шұңқырға түсіп кеткенін айтқан. “Аяғым былғанды! Ағаштан ұстап тұрмын”, – деген ер адам телефонмен сөйлескен кезде.

“Әкем көліктердің гүрілін естіп жатқанын айтқан. Сосын ағам бірден ТЖД қызметкерлеріне хабарласты. Құтқарушылар әкеммен байланысқа шығыпты. Әкем оларға барлығын түсіндірген, бірақ кейін байланыс үзілген.

Оны сол кезден бастап барлығымыз іздестіріп жатырмыз – туыстары, достары, құтқарушылар… ешқандай нәтиже жоқ. Картадан қарасақ, бір сим-карта оның Ақжарда екенін, ал екіншісі Ақшатта екенін көрсетіп тұр”, – дейді Айжан.

РИКА-ТВ мәліметінше, қазіргі уақытта іздестіру жұмыстарына әскери бөлімнің бірінің қызметкерлері жұмылдырылды. Еріктілер іздестіру жұмыстарына атсалысқысы келетіндерге мына нөмір бойынша хабарласуды сұрайды: 8 707 883 97 77″.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз