Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Шын махаббат ешнәрсеге қарамайды. Ерте қартайған жігіттің айдай сұлу жары кім? (фото, видео)

544

Тойсүйер қауымның бірі ұялы телефонына түсірген мына бір видеода Нұржанның айдай сұлу аруы ант та береді.

– Нұржанды сүйгендігі соншалық,
5-6 баланы шұбыртып туатын,
Осы шаңыраққа тастай батып, судай сіңгені соншалық,
Төркініңе – Құлсарыға екі рет барам деп ант етші.

– Ант етем!

Үріп ауызға салғандай қалыңдық Нұржанмен түйдей құрдас, есімі – Әсемгүл. Ол да Атыраудың тумасы. Көшеде көздері түйісіп, бір-бірін құлай сүйіп қалған қос ғашық бір жылдай қыз бен жігіт боп жүріп, ақыры шаңырақ көтеруді жөн көрген. 300-ден астам қонақ шақырылған тойды 4 асаба басқарды. Ал осыдан 4 жылдай бұрын «Пусть говорят» ток-шоуына қонақ боп қайтқан Нұржан сол кезде Андрей Малаховты өзінің тойына шақырған еді. Атақты жүргізуші болса, сонау қиырдағы Қызылқоға ауданына барып, тіпті тойды жүргізіп беремін деп уәде берген.

Бірақ Малахов сөзінде тұрмады. Тек әлдекімдер арқылы демалыста жүргендіктен тойға келе алмайтынын, бірақ жас жұбайларға арнайы сыйлық беріп жіберетінін айтып, сәлем жолдапты. Ресейлік тележүргізушінің Нұржанға тигізген бір пайдасы – осы бағдарламадан кейін оған Алматыда пластикалық ота жасалды. Сол кезде хирургтер оны 30 жылға жасарды деп жар салған еді. Бірақ қазіргі бет-әлпетінен ондай өзгеріс байқалмайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз