Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
10
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Шымкентте жұмыссыз жігіт асылып қалды

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері қаладағы шағын саябақтардың бірінің маңындағы жол шетіндегі дуалға асулы тұрған бейтаныс азаматтың денесін анықтады. Мәйітті қарау кезінде одан ешқандай қинау немесе ұрып-соғу белгілері анықталмады.

Жәбірленушінің жеке басына тексеру жүргізген тәртіп сақшылары, оның 1967 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғыны әрі жұмыссыз азамат екенін анықтады. Марқұмның артында әйелі және үш баласы қалды.

Аталған жайт қалалық ішкі істер басқармасы әл-Фараби полиция бөлімшесінің сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодекстің 105-бабы, яғни «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қазіргі таңда қылмыстың орны алу барысы мен себептері анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз